Жұмыла көтерген жүк жеңіл

26.06.2020ж

Тәуелсіз елдің әрбір азаматы ел әлеуетінің асқақтауына бір кісідей жұмылып, үлес қосқаны абзал. Сол үлестің қатарында ең әуелі «Тазалық - денсаулық кепілі» деген аталы сөздің мәнін терең ұғынған әрбір тұрғын өз ауласының, көшесінің, ауылының таза, көрікті де мәдениетті болуына күш салуы тиіс.


Бүгінгі жаңғырған заманда біздің ауданымыз да түбегейлі өзгеріске ұшырап, жаңа арнаға бетбұрыс жасап, аудан көлемінде биылғы жыл «Тазалық жылы» деп жариялануы тектен тек еместігі түсінікті. Ендеше, кейінгі ұрпаққа келешегі сәулетті де көрікті ауылды аманат етіп тапсыру үшін баршамыз ауыл көркін ажарландыруға атсалысуымыз керек. Оған қоса, Жаркент өңірінде жеті ғасырдан бері өсіп тұрған ағаш бар. Сондықтан оны «Әулиеағаш» деп атайды. Жуандығына жеті адамның құшағы әрең жетеді. Мұндай алып ағаш әлемнің үш елінде ғана бар. Олардың бірі — Меккеде, екіншісі -Қытайда, үшіншісі - Жетісу жеріне тамыр жайған. Бүкіл дүниежүзіне танылған 7 ғасырлық тарихы бар және «Жасыл ел» бағдарламасы бастау алған Әулиеағаштың Жаркент өңірінде тамыр жайғаны мақтан тұтарлық. Ұлы Жібек жолы бойындағы біздің ауданға жолы түсіп келген қонақтарға өзінің жоғары мәдениетімен, көз тартар көркемдігімен көрсету мақсатында киелі ағашымызды Ұлттық табиғи паркке айналдыруымыз қажет. Осыған орай, айналасын абаттандыру және көркейтіп, көгалдандыру жұмыстарына қаржы талап етіледі. Осы бастамаға түсіністікпен қарап, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерін қаржылай қолдау көрсетуге шақырамыз.
Қашан да асар жасап, айтулы істерді бір кісідей-ақ атқарған ынтымағы жарасқан елміз. Халықта: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қанатты сөз бар. Олай болса, Үлкенағаш ауылдық округі ардагерлерінің осынау Үндеуіне аудан тұрғындары өзінің қажырлы еңбегімен үн қосатынына сенеміз. Ынтымақ, бірлігіміз баянды болсын, ағайын!
Біздің есепшотымыз:
Аты-жөні: Нуптибеков Мурат Алимжанович
БИК: KZKOKZKX
Банк: АО «Казкоммерцбанк»
Счет нөмірі: KZ599260901165648000
Тел: 87767122142

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4143927