Көпір салу – сауапты іс

10.07.2020ж

Көпір салу – сауапты істердің ең үлкені.  Оның қажеттілігін округке қарасты  Сарытөбе ауылының  тұрғындары мен Қоңырөлең ауылының  С.Сейфуллин көшесінің тұрғындары жақсы біледі. Барар жеріңде ағынды су кездесіп, көпір болмаса, жолың кесілетіні сөзсіз. Сол себепті, көпірдің ел дамуынада алар орны айрықша.

Әсіресе, қыс мезгілдерінде, жауын-шашын, қолайсыз ауа-райында тұрғындар мен оқушылар қиналып жүрген жерден өткел ретінде жаяу жүргіншілерге  көпір салынып  халыққа пайдалануға берілді. Әрине, кішігірім ашылу салтанатын ұйымдастырсақ болар еді. Бірақ, біз үшін енгізілген карантинге сәйкес халықтың денсаулығы сен амандығы бірінші орында. Бұл бастама Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 30 игі шара аяасында қолға алынып, жаяу жүргіншілерге арналып  Сарытөбе ауылынан салынған ұзындығы 31 метр, ені 1,20 метр құрайтын көпірге жалпы сомасы 1 035 000 (бір милион отыз бес мың) теңге ал Қоңырөлең ауылы Қожбанбет би көшесі мен С:Сейфуллин көшесін жалғастыратын көше аралық ұзындығы  20 метр, ені 4 метр болатын өткелге жалпы соммасы 100 00 (жүз мың) теңге қаражат жұмсалған. Бүгінгі күнде осы сауапты іске ауыл тұрғындары ұйымдасып, еңбек қолын шығарып бірлікпен атсалысудың арқасында құрылыс жұмыстары аяқталды.Аталған көпірлердің құрлысы жұмыстарының аяқталыуына орай карантин ережелерінбарлық санитарлық нормаларды сақтай отырып шағын түрде   ашылу салтанаты ұйымдастырылды! Салтанатты шараға  ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ УАХЫБ ІСТЕРІ БӨЛІМІНІҢ меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы, Алматы облысы Талдықорған өңірінің бас имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы, Аудандық мешіттің бас имамы Серік Шәріп қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін жеткізід! Осы аталған екі бірдей көпірдің салынуына қаржылай көмек  көрсетіп, атсалысқан аудан имамы Серік Шәріп және Қоңырөлең аулының имамы Сатыбалдиев Бауыржан Нұрахметұлына, Сарытөбе ауылының имамы Қоқымбеков Қанат Қуандықұлына алғысымыз шексіз.Осы жұмыста еңбек күшін ұйымдастырып, басы-қасында жүрген Алпеиісов Сәкен ағамызға, Кәрібаев Мұсағали Нұрмұқаұлы мен Әшекеев Марат Таңатарұлына  облыс имамы атынан Алғыс хат және қасиетті Құран кітабы сыйға берілді. Осы азаматтарға және осы игі істе қол ұшын созған барлық азаматтрға алғысымызды білдіреміз. Осы іспеттес игі бастамалар округімізде тұрақты болып тұрғай.  Әумин!

 

Аудандық мәслихат депутаты

Қожақов Елтай Тұрлықожаұлы

Күнтізбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1238197