Тәңірдің тартқан сыйы - тәуелсіздік
- Толығырақ
- Жарияланды 17.07.2020 10:31
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1003
17.07.2020ж
Еліміз үшін Тәуелсіздік ұғымының мән-мағынасы тереңде, маңызы ерекше. Азаттықтың арқасында бүгінде Қазақстан төрткүл дүниеге терезесі тең, керегесі кең, ұлт пен ұлыстары тату, экономикасы тұрақты, даму үстіндегі болашағы зор мемлекет ретінде таныла бастады.
Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші - ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянықты, түтініміз түзу ұшсын! Қазағыма рух берген тәуелсіздік жасасын! Жүрегіме нәр берген қазақ тілі жасасын!
Б.Бейсенқызы.