Елде биылғы оқу жылы қалай басталады?

17.07.2020ж

Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде биылғы оқу жылына қатысты үш нұсқаны жарияланды деп хабарлайды Kaz.Nur.Kz. Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Білім және Ғылым министрлігінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып әзірленген  үш нұсқасы бар»,-деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

 

            Министрдің айтуынша  бірінші нұсқа - қашықтықтан  оқыту. Бұл нұсқа таңдалған жағдайда алыстағы елді-мекендерді есептемегенде қалғанының бәрі қашықтан оқытылады»,-деді ол.

            - Екінші нұсқа - іштей  және  қашықтан  оқыту.           «Бұл жағдайда шектеу болуы керек: мектепте міндетте түрде термометрия, санитайзерлер болуы тиіс. Әлеуметтік қашықтық сақталып, сабақтар қысқартылуы керек.  Яғни кабинеттік жүйелер алынуы  тиіс»,-деді министр.

            Асхат Аймағамбетов  үшінші нұсқа - штаттық режимде қатаң санитарлық шектеу шараларын сақтай отырып, сабақты жалғастыру екенін жеткізді.

            «Яғни балалар іштей оқиды да, қоңырау сыныптардың толымдылығы, ауысым, кабинеттік жүйелерді алудан бастап, асханаға баруға дейінгі шектеу шаралары күшінде болады, -деді министр.

            Айта кетейік, алдағы  оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтін болды.

 

 

 

Күнтізбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1237802