«Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша өтініш қабылдау басталды

18.08.2020ж

Баспаналы болуды мақсат тұтқан әрбір жанның көздеген межесіне жетуі үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.  Аталған бағдарламаның тамыры тереңге жайылған. Олй деуіміздің себебі, бірбағдарлама негізінде бірнеше бағытта үйлі болуға болады. Солардың бірі «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы. Бұдан әрі «Шаңырақ» пилоттық жобасы ретінде іске асатын болады.

 

Биылғы жылы «Шаңырақ» пилоттық жобасын жандандыру үшін қазынадан 210 млрд. теңге көлемінде қаражат  қарастырылған. Оның 90 млрд. теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Бұл қомақты қаржының есебінен  7-8 мың отбасы қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады.

Аталмыш жоба шеңберінде баспанаға ие болу үшін ең алдымен мемлекеттік үй кезегінде тұруы шарт. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, ол жерге пәтер құнының 10 пайыздық бастапқы жарнасын жинауы тиіс.  Несие, 20 жылға жылына 5 пайыздық мөлшерлемемен берілетін болады.

 «Шаңырақ» жобасының аясында жеңілдетілген несиені бірінші кезеңде, баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда әкімдік кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, банктің «Шаңырақ» жобасын одан әрі несиелендіруге қажетті қаражаты болған жағдайда, бағдарламаның екінші кезеңіне әкімшілік кезегіне кейінгі жылдары тұрған азаматтар да шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыс есептеледі.  Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

 Ескерте кетерлік жайыт, жоба аясында берілетін үйлердің барлығы жаңадан бой көтерген үйлер болып табылады.

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша  еліміздің әр аумағында тиісті баға бекітілген. Мәселен, 240 мың теңгеге дейін –Алматы қаласында,
220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында, 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда, 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында, басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.

Пәтерлер жеке құрылыс компаниялары соққан үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейінгі баға ұсынылған.

Бағдарламаға қатысу үшін жасалатын 6 қадам:

1-қадам:www.hcsbk.kz банк сайтындағы «Қолжетімді тұрғын үй/«Шаңырақ» пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беру;

2-қадам:Банк сайтында өтініш берген күннен бастап 3 күн аралығында банк қызметкерінің қоңырауын күтіп, оған жауап беру. Ол несиелендіру шарттарыны мен  бағдарлама талаптарын жіті түсіндіріп, өтініш тапсыру үшін сізді банк бөлімшесіне жазады; 

3-қадам:Төлем қабілеттілігіңізді бағалау үшін құжаттарыңызды алып, банк бөлімшесіне белгіленген уақытта келу;

4-қадам:Заемды мақұлдау жөнінде банктің оң шешімін алу;

5-қадам:Банк талаптарына сай, жеке құрылысшылардан жаңа тұрғын үй табу (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар), сату-сатып алу немесе үлестік қатысу келісімдерін жасау;

6-қадам:Банктен заем алу!

Өтінішті азаматтар   2020 жылдың 17 тамызы мен 16 қыркүйегі аралығында hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады  .

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842196