Алматы облысы бойынша праймеризге 1116 адам өтініш берген
- Толығырақ
- Жарияланды 02.09.2020 05:58
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 838
02.09.2020ж
Ел тарихында тұңғыш рет партияішілік сайлау республика көлемінде өткізілді. Бұл пратияның – саяси дамуына үлкен септігін тигізгені анық. Аталған бағытта өткен сайлау қоғам мен билік арасындағы сенімнің нығайуына ықпал етті.
Осы арқылы пратия жұмысын «қайта жандандыру» үрдісі белең алды.
Саясаттың көшінде жүрген азаматтардың біразы сайлауға қатысты. Алматы облысы бойынша өтініш бергендердің саны 1116 адамды құраған. Олардың 1108 ресми түрде тіркелді.
Үміткерлерді тіркеу партия филиалындағы ұйымдастыру комитеттері, primaries.kz веб-порталы арқылы жүргізілді.
Қатысушылардың 60 пайыздан астамы праймеризге қатысуға өз-өзін ұсынушылар қатарынан. Қалғаны – 323 үміткер бастауыш партия ұйымы сапынан ұсынылған. Үміткерлер қатарында дәрігерлер, ұстаздар, дала еңбеккерлері, кәсіпкерлер және қоғам өмірінде көзге көрініп жүрген белсенді жастар бар.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі санаты – 26, облыстық мәслихаттағы депутаттық мандатқа – 132, ал аудан-қалалық мәслихаттарға 950 үміткер тіркелді.
«Жалпы, праймериз арқылы өңірде 1 мандатқа 3,8 үміткерден айналып отыр. Бұл үлкен бәсекелестікті тудыратыны анық»,-дейді "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары- Жанболат Жөргенбаев.
Партияішілік іріктеуді өткізуге 315 дауыс беру учаскесі даярланған.
Еске саламыз, соңғы кезең 1-3 қазан күндері өтеді. Жетісулық 92 мыңнан астам нұротандықтар үміткерлерге өз дауыстарын primaries.kz веб-порталы, мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ, дауыс беру учаскелерінде онлайн кабинка немесе бюлеттендер арқылы үміткерлерге өз дауыстарын береді.