Алакөлдегі өнеркәсіптің индексі 100,9 пайызды құрайды
- Толығырақ
- Жарияланды 04.09.2020 12:35
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 862
05.09.2020ж
"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында онлайн баспасөз маслихаты бүгін Алакөл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімшесінің міндетін уақытша атқарушы Серік Абылхановпен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы.
2020 жылдың 7 айында Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларында оң нәтиже байқалуда.
Аграрлық секторда барлық өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері 11623,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 131 пайызға өсіп, мал бастарының барлық түрлері көбейді.
Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 84867 гектарға игеріліп, оның ішінде қант қызылшасының алаңы 1063 гектарға жеткізілді.
Өнеркәсіп саласында 5602,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, заттай көлем индексі 100,9 пайызды құрады.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 117,8 млн.теңгеге 4 жоба қаржыландырылып, туризм саласының дамуына бағытталған.
« «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында 1117 млн.теңгеге Қабанбай ауылының ауруханасы мен мәдениет үйін күрделі жөндеу және ішкі 7 көшесін орта жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда»,- дейді Серік Абылханов.
Ал, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үш бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 71 адам кәсіптік оқуға жіберіліп, 4 адамға 18 млн.700 мың теңгеге несие беріліп, жастар практикасына 29 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 69 адам, қоғамдық жұмысқа 613 адам жіберілген.
Сондай-ақ, ауданда туризмді дамыту жобалары қолға алынып, нақты жұмыстар атқарылуда. Үстіміздегі жылдың 7 айында демалушылардың саны 800 мыңға жетіп, 4 млрд. 796 млн. теңгенің қызметі көрсетілген.