Алматы облысының еріктілері 16 мың адамға көмектескен
- Толығырақ
- Жарияланды 04.09.2020 12:38
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 890
05.09.2020ж
Қайырымдылықтың қайыры бар. Аталған қағиданы ұстанған Алматы облысының еріктілері облыс тұрғындарына қол ұшын созуға білек сыбана кіріскен. Игі бастаманы өңірдегі өзге аймақтағы жомарт жандарда қолдай кеткен. Осылайша еріктілер жылы аясында мәрт азаматтардың қолдауымен ізгі істер атқарылды.
«Алматы облысының еріктілеріқазіргі таңда қарттарымызға , аз қамтылған отбасыларға көмектесудеміз. Біз еріктілер өз қамқорлығымызға 3 отбасыны алдық оларға әр апта көмек көрсетудеміз. Болашакта неғұрлым ауқымды істерді қолға аламыз. Бұл біздің азаматтық борышымыз»,-дейді ерікті Елбосын Абай.
Президент 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажетін айтқан болатын. Қайырымдылық қанында бар елдің ұрпағы мұны бірден белсенді алып кетті. Біз оны мына індет жайлаған кезеңде анық байқап отырмыз.
Қайтарымсыз қайырымдылық жасаудан қол үзбеген халқымыз биылғы «Еріктілер жылында» атқарылып жатқан жұмыстармен қоғамда мейірімсіз ел болмайтынын байқатты. Жақсылық жасауға жарыса қадам басқан уақытта Алматы облысының жастары ерекше белсенділік танытты.
Аудан, ауылдарда қайырымдылық акциясы, көмекке мұқтаж топқа жәрдемдесу үзілмеді. Сөзімізге дәлел, бір ғана Ақсу ауданында «Мейірімді Жетісу» Республикалық акциясы бойынша әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен 370-ке жуық отбасына азық-түлік таратылып көмек көрсетілді. Аталған отбасыларына көмекті ауданымыздың демеушілері (спонсор) жалпы соммасы 1 250 000 теңгеге азық-түлік үлестірді. «Жақсылық жасап жарысайық» атты акция барысында ауыл жастары Ақсу ауданының орталық ауруханасында Covid-19 жұқпасымен ауырып жатқан науқастармен ақ халатты дәрігерлерге 200 л шұбат, қымыздар жеткізді.
Індет өршіген тұста қауіпке қарамастан блок бекеттер мен емханаларда, ауру тараған ошақтарда жастар күндіз түні қызмет көрсетті. Постта тұрған медицина, тәртіп сақшыларына ас ауқат таратты.
Бұл қатарда текелілік жастар да бар. Көпбалалы аналармен қаламыздағы аз қамтылған отбасыларды азық- түлік, бетперделермен қамтамасыз етті. 9000 бетперде тегін үлестіріп шықты.
Жасыратыны жоқ, елде карантин жарияланған сәтте-ақ азық-түлік тапшылығы болады деген халықтың базар мен дүкеннен жаппай тамақ сатып алу үшін кезекке тұрғанын көргенбіз. Осы қиын әрі күрделі кезеңде ерікті жастар тек қайырымдылықпен айналысып қоймай іскер екендіктерінде танытты.
Жергілікті жерлердегі кәсіпкерлерді мүмкіндіктерінше қолдау көрсетуге жұмылдырып сауапты бастама көтерді. Мысалы, Жамбыл ауданында атымтай жомарт азаматтар тұтқасын ұстаған «Халық» қайырымдылық қоры, «Тәуекел Газ» ЖШС, «Пласт-Инвест» ЖШС, «Мажитова» ЖШС, «Kusto Group» компаниясы, «Жамбыл» РЭС, «Табыс» ШҚ, «Жақсылық» ШҚ, «БІЗ БІРГЕМІЗ» акциясына тұрақты түрде ат салысып келді.
Ал, дәрі-дәрмек тапшылығы көрініс алған тұста жастар жас болса да бас болып облыстық мониторинг топпен қатар жүріп халыққа қызмет етті.
Дәріханаларда препараттардың бағасының шектен тыс өсіп кетпеу негізінде рейд жүргізіп көптің алғысына бөленгені сөзсіз. Жалпы алғанда облыс еріктілері 16 000 адамға көмек көрсеткен. Қорыта айтқанда, бұл тек алғашқы жарты жылдықтағы жағымды ел сүйсінген жаңалықтар. Әрине, жас буынның ісі ілгері, абыройлы жүргені ол елдің болашағының айқын көрінісі.