Егін алқабындағы кездесу

 

03.09.2020ж

03 қыркүйек 2020 жылы Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының басшысы М.Р.Сағымбек Бірлік ауылдық  округінің әкімі Р.А.Әуелбековтің қатысуымен күзгі егін науқанын жинап жатқан ауыл еңбек ерлерімен кезедесіп, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 1- қыркүйектегі Қазақстан халқына жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауымен таныстырды.

 

Басқарма басшысы М.Р.Сағымбек Жолдаудағы өзекті мәселелер: Болашақта қоғамдық кеңестердің рөлі артуы, қоғамдық кеңес мүшелерін әкімдіктердегі түрлі конкурстық жер комиссиясына , сатып алу комиссияларының жұмысына тартылуы мен Қазақстан халқы үшін маңызды мәселеге нүкте қойылғанын, яғни- жер шетелдіктерге сатылмайтынын, Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жойып, жақын арада Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің әдіс- тәсілдерін әзірлеіге тапсырма бергенін жеткізіп, осындай қиын – қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты қазаққа тән құндылықтарымызға берік болсақ қазақ халқының алмайтын қамалы, бағындырмайтын шыңы болмайтындығын қадап айтты.

Ауыл шаруашылығының еңбек ерлерін мазалап жүрген сұрақтарға Жолдауда нақты жауап айтылғанына еңбек ерлері ризашылығын білдірді.

  

Панфилов ауданаралық Әділет басқармасы

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842780