Алакөл ауданында 1202 жұмыс орны құрылған

09.09.2020ж

"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айнагүл Тұрсынбайқызы 2020 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы баяндады, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы.

 

Аудандық бөлім арқылы барлығы 14 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2020 жылдың 1 қыркүйегіне гигиеналық құралдармен  560 адам, жеке көмекшінің қызметімен - 137 мүгедек, ымдау тілінің мамандарының қызметімен – 7 адам 100 пайызға қамтылған.

 "Бүгінгі күнге 4671 жұмыс орындары құрылған, оның ішінде: 1299 — тұрақты жұмыс орындары, уақытша және маусымдық — 3352",-дейді Айнагүл Садирбекова.

Ал, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 52 жоба іске асырылуда. Жоба аясында 1202 жұмыс орны (оның ішінде жұмыспен қамту орталығы — 593, жұмыс берушілер арқылы —609) ашылды", — дейді жауапты маман.

Алакөл ауданында төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан 17 380 азамат 42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдерді алған.

Сондай-ақ, аудан бойынша  төтенше жағдай кезінде барлығы 1948 отбасыға (9635 адамға) қайырымдылық көмектері көрсетілген.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842959