ЕГІН АЛҚАБЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

10.09.2020ж

Ағымдағы жылдың 3-ші қыркүйегінде Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының басшысы М.Сағымбек Бірлік ауылдық округінің әкімі Р.Әуелбековтің қатысуымен күзгі егін науқанын жинап жатқан ауыл еңбек- керлерімен кездесіп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ел халқына жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауымен таныстырып, Жолдаудағы негізгі бағыттардың жүзеге асыру ретін ортаға салды.

 

                Басқарма басшысы М.Сағымбек  биылғы Жолдаудың көлемді құжат екендігін айтып, Жолдауда айтылған негізгі 11 тарауды атап өтті. Атап айтқанда, экономика, мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат, аймақтардың дамуы, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, экология, құқық қорғау саласы, саяси реформа және жаңа құндылықтар. Сондай-ақ болашақта қоғамдық кеңестердің рөлінің артуы, қоғамдық кеңес мүшелерін әкімдіктердегі түрлі конкурстық жер комиссиясына, сатып алу комиссияларының жұмысына тартылуы мен Қазақстан халқы үшін маңызды мәселеге нүкте қойылғанын, яғни жер шетелдіктерге сатылмайтындығын, Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жойып, жақын арада Үкімет ауыл шаруашылығы  жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тапсырма бергенін жеткізіп, осындай қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты қазаққа тән құндылықтарымызға берік болсақ қазақ халқының алмайтын қамалы, бағындырмайтын шыңы болмайтындығын қадап айтты.

 

                2010 жылдан бастап ауыл әкімдері мәслихаттар арқылы жанама 4 жылға сайланатын. Сондықтан 2017 жылы кезекті сайлау өтіп, келесі жылы ауыл әкімдерінің өкілеттіктері аяқталатыны белгілі. Соған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап өкілеттігі тоқтаған ауыл әкімдері енді тікелей сайланатын болады деп шешім қабылдады. Бұл біздің еліміз үшін өте маңызды саяси реформа, үлкен саяси бетбұрыстардың басы деп қабылдауымыз керек екендігін де ауыл еңбеккерлеріне түсіндіріп өтті.

                Ауыл шаруашылығының еңбеккерлерін мазалап жүрген сұрақтарға Жолдауда нақты жауап айтылғанына еңбек ерлері ризашылықтарын білдірді.

 Панфилов ауданаралық

Әділет басқармасы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842957