Білікті мұғалім - білімді шәкірт кепілі

10.09.2020ж

Өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты жүрегі - МҰҒАЛІМ.  Сондықтан бүгінгі сөзім мектеп тәрбиесінде алар орны ерекше, кейінгі жас буынға үлгі-өнеге бола білген,  білімді  де білікті ұстаз - Бегімбекова Ұлдана  Қуандыққызы жайлы болмақ.

 

                Көктал ауылы, Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ұлдана Қуандыққызы- шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай олардың жан-жақты, білімді де дарынды тұлға болып қалыптасуы жолында  елеулі  еңбек етуде.

                 Жас  та  болса    жалынды, ең      бастысы жүрегі мейірім мен шапағатқа, жан жылулығына толы Ұ.Бегімбекова -  аудандық мәслихат депутаты қызметін қатар атқарып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайына аса мән беріп, ауылымыздағы өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр жандардың бірі.

           Баршаңызға  белгілі, бүгінгі күні бүкіл әлем күрделі   кезеңді    бастан кешіруде. Өкінішке орай, аты жаман індет елімізде де кең етек алып, қаншама жандар сырқаттанды. Дәл осындай ауыр күнде  аудандық мәслихат депутаты  ретінде        бастама жасап,  Көктал ауылымыздың  ауруханасына           1-ОТТЕГІ концентраты  аппаратын тарту етті.

                «Биік ұстап ойыңның өресін, мейірімділік етсең, мейірімділік көресің»-деп Ж.Баласағұн айтқандай, осындай игі істер жаңа оқу жылы қарсаңында да жалғасын  табуда.

       Жыл сайынғы әр  ата-ананың уайымы - мектеп формасы болса, биылғы жылдың ең негізгі  мәселесі  - смартфон, планшет табу болғандығы белгілі. Көп балалы отбасыларына бұл үлкен материалдық ауыртпашылық. Осының барлығын ескере отырып, көп балалы 5 оқушыға МОДЕМ және әлеуметтік жағдайы көмек қажет ететін        4-сынып оқушысына ұялы телефон сыйлады.

          «Жанашыр жанға -   жан риза»  демекші жан-жағына жақсылық жасап, мұқтаж жандардың жанын жадыратуға себепші болып жүрген  Бегімбекова Ұлдана  Қуандыққызына барша ата-аналар атынан алғыс айта отырып, деніне саулық, еңбегіне жеміс тілейміз.

            Елі үшін атқарып жатқан еңбегіңіз елене берсін!

Эльмира  Токсанова,

ата-ана.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842936