Шамалған стансасвндағы көпір құрылысы аяқталды
- Толығырақ
- Жарияланды 25.09.2020 12:52
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 970
25.09.2020ж
Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының теміржол өткелінде жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы мәресіне жетті.
Естеріңзге саламыз, 2019 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызында Қарасай ауданы Жібек-жолы ауылындағы темір жол бекетінде жол-көлік апаты орын алған еді. Оқыс оқиғадан кейін нысанның құрылысы басталған еді.
Көпірді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 364 млн.500 мың теңге бөлінді. Тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Ал, жұмысқа жауапты мердігер «РУС-13»ЖШС болып табылады.
Көпірдің ұзындығы 61,56 метрді құрайды. Нысан басына байланыс желілерінің инженерлік желілерін ауыстыру, іргетас плитасының астына топырақты тұрақтандыру, тірек іргетасының монолитті плиталары, баспалдақтардың металл бағаналары орнатылып, электр тартылып, жарық жүргізілген. Сондай-ақ, жаңа көпірде сәндік шағылыстырғыш панельдер бар және объектінің аумағы толығымен абаттандырылған. Ендігіде тұрғындар жаңа көпірдің игілігін көрмек.
«Бір жылы бұрын дәл осы жерде қайғылы жағдай орын алған еді. Сол кезде уәде берген едім. Бүгін міне нәтижесін көріп отырсыздар. Жауапты мамандармен бірлесе отырып көпірді қалпына келтірдік»,-деді Амандық Ғаббасұлы.
Бұдан басқа, осы өңірде 2019 жылдан бастап облыстық маңызы бар "Алматы 1 – Шамалған – Ұзынағаш станциясы"автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.