ҮЗДІК ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

16.10.2020ж

Төтенше жағдай режимі кезінде және жыл басынан түрлі шаралардың басы-қасында жүрген аудан ерікті жастарының атқарған еңбектері ескерусіз қалмады. Олардың дүние жүзіндегі халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп, халықтың әл-ауқатына нұқсан келіп тұрған кезеңде қосқан үлестері қомақты. 

 

Осыған орай 13 қазан күні аудандық «Nur Otan» партиясының мәжіліс залында «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында аудан көлемінде сақтық шараларын ұйымдастырып, адал көмек көрсетіп, волонтер ретінде қосқан елеулі үлестері үшін 15 жас ерікті аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов пен      аудандық         жастар ресурстық орталығының жетекшісі М.Ыбыраймолдаевтың арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ әрқайсысына планшеттер табыс етілді. Марапат алған үздік ерікті жастар қатарында Айдана Айдар, Дәурен Байтілешов, Алмаз Батырхан, Айнұра Аюпова, Заңғар Сайлаубай, Нұржан Илипов, Ғабиден Меделбеков, Диас Байсыдықов, Бекболат Шакиров, Назерке Нұри, Шұғыла Жайлаубай, Индира Жұматай, Айкүміс Сағындықова, Ақжол Сержан, Ақпейіл Сұраншиева бар.

                Жастар ресурстық орталығының жетекшісі М.Ыбыраймолдаев еріктілерге алғысын білдіріп, әлемдік індетпен күрес әлі де жалғасып жатқандығын  айтып, еріктілердің көмегі қажет болатындығын жеткізді. Олардың ел мүддесі жолындағы ерен еңбектері әрдайым ескерусіз қалмайтындығын да атап өтті.

Өз  тілшіміз.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130064