Еккені – жүгері, өнімі үдеді: Жаркенттік шаруалар биыл 26 000гектарға дала аруын екті.

27.10.2020ж

Жаркент өңірінің даңқы кезінде жүгері өсірумен шыққан еді. Қазір де аудан диқандары дәстүрлі дақылды көптеп өсіреді. Биылдың өзінде аудан бойынша 26 059 гектар жерге дала аруы дәні егілген.

Қазіргі уақытта 24 196 гектар алқабы жиналып алынды. Күтімі келіссе, жүгерінің өнімі жоғары болады. Аграршылар өткен күзде жүгері егілген әр гектардан орташа есеппен 64,1 центнрден алып отыр. Ал, әзірге жиналған өнім 155 133 тонна. Ала жаздайғы өсірілген алтындай өнімдер бүгінгі күні зауыттарға жөнелтіліп сатылымға жіберілді. Аудандағы «Жаркент крахмал – сірне» зауытына 65 000 тн, «Шемолған крахмал - сірне» зауытына 10 000 тн, жеке қожалықтар мен базарларға 2 950 тн саудаланды. Жауапты науқандағы шаруалар жұмысын көшпелі брифингте аудан әкімі өңірдегі БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

-         Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану өнімді еселеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта әкімдік тарапынан қажетті қолдау жасалып жатыр. Жиын-терін және күзгі дала дала жұмыстарына ауданымызда  шаруаларға  арзандатылған  кепілді  380 тонна дизель отыны бөлінген болатын. Оның ішінде шілде айына – 80 тонна,тамыз айына – 100 тонна және қыркүйек айына – 100 тонна,қазан айына – 100 тонна берілді. Аудан бойынша бүгінгі күнге алынғаны 360 тонн , - дейді Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев.  

 

Бүгінгі күні алқаптағы жұмыстар қызу. Жүгері жинау науқаны бойынша  90 комбайнның жұмылдырылған. Оның ішінде 34 комбайн жүгеріні дәнге тікелей оратын,  52 камаз тасымалда қолданылуда. Осындай қолдау жағдайдың арқасында дала аруының  биыл өнімділігі артты. Ауданда 2019 жылы 26 005 га жерге егілсе, биыл 26059 гектарды құрап отыр. Былтырғы мен салыстырғанда 866 тн артық жүгері дәнін жинау жоспарларында.  Шаруаларлар өнім жинауды қыркүйектің ортасында бастаған тың. Айтуыларынша науқан айдың аяғында толық аяқталады. Панфиловтан бөлек, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле аудандары қазіргі күні жүгеріне аудандағы зауытқа өткізіп жатыр. Күніне 70-78 тонна қабылдануда.  Жалпы, соңғы 9 айда Жазиралы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі  31 млрд.теңгеге жетіп отыр. Қазан айының 14-не жаздық бидай 414 га орылып, 946 тонна өнім, арпа 567 гектардан 1360 тонна, жүгері 17629 гектардан 113 мың тонна, картоп 1345 гектардан 23,4 мың тонна, көкөніс 1202 гектардан 33 мың тонна, жеміс-жидек 1677 гектардан 14 мың тонна өнім алынды. Қысқы мерзімге 183,4 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды. Түйіндей айтқанда, жазиралы Жаркент жеріндегі ауыл шаруашылығы әрі қарайда өркен жаймақ.

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842862