«Нұркент» қалашығында таяуда 120 тұрғын қоныс тойын тойлайды
- Толығырақ
- Жарияланды 28.10.2020 08:16
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 886
27.10.2020ж
Шекара шебіндегі елді-мекенде бүгінгі күні 60 пәтерлі қос үйдің құрылысы жүріп жатыр. Алғашқы үйді салу жұмыстары 90 пайызға аяқталып әктеу -сырлау шаруалары ғана қалған. Мердігері «ТЕХНО СНАБ 2002» ЖШС. Нысандағы жұмыстарға олар шілденің ортасында білек сыбана кіріскен. Негізгі келісім-шартта жоспарға сәйкес қыркүйекте баспаналарды өткізіп беру керек. Алайда, бастаған іс елдегі індет жағдайы сәл тежеу танытты.
Десе де, қазір жауаптылар қараша айына дейін бәрін аяқтап үлгереміз деп бекініп отыр. Жалпы, мұнда салынып жатқан пәтерлер 1-2 бөлмелі. Әрқайсысы 44-73 шаршы метрден айналады. Тұрғындар қолайлығы үшін құрылысымен қоса айналасындағы абаттандыру жұмыстары қоса атқарылуда. Балалар ойын алаңдары, тынығу орындару, спорттық жабдықтар қарастырылған. 5 қабатты екі тұрғын үйді салуға 1 млрд 32 млн теңгеге бөлініпті.
Жалпы, Қазақ-қытай шекарасындағы аумақты дамыту 2013 жылы қолға алынған болатын. Алғашқыда мұнда 50 түтін ғана болса, қазір 3000нан аса халық тұрады. Енді он жылдан соң мұндағы халық саны 50 мыңға жетеді деген жоспар бар. Мұнда негізінен темір жол, кеден, еркін экономикалық аймақта жұмыс істейтін мамандар тұрақтаған. Қаланың жалпы ауданы – 1460 гектар. Бас жоспарға сәйкес мұнда 600 балаға арналған мектеп, 240 орындық балабақша бар. Әлеуметтік нысандар қатары әлі де толығады. Келер жылы 80 пәтерлі тағы екі үй салынбақшы. Баспаналардың жобалық-сметалық құжаттары жыл соңында әзірленбек. Аймақты дамтыудың жоспарларымен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бауыржан Ермолдаев бөлісе кетті.
-Қазіргі 60 пәтерлі екі баспана азаматтар сұранысы бойынша салынуда. Дайын болғанда бұл үйлер мұқтаж жандар мен көпбалалы, аз қамтылған, кезекте тұрғандарға үлестіріледі. Облыс әкімі тапсырмасына сәйкес, азаматтардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында мұнда барлық қажеттілік қарастырылған,-деп атап өтті.