Жаркентте жол картасы бойынша жұмыстар қарқынды

28.10.2020ж

Жазиралы өңірде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 55 жоба қолға алынған.  Соның бірі әрі ірісі Еңбекші орта мектебі. Іргетасы 35 жыл бұрын салынған білім ғимараты толықтай  шатырынан еденіне дейін жаңартылуда.

Жол картасымен бөлінген күрделі жөндеу жұмыстарын «Нұр –Шапағат Құрылыс» ЖШС атқарып жатыр. Мердігерлер бүгінгі күні нысанның ішкі жұмыстарын 100 пайызға аяқтаған. Енді ауласындағы абаттандыру-көгалдындыру, жарық шамдарын орнату шаруалары қалыпты. Тозығы жеткен мекемені  биылға дейін қыс кезінде жылыту біраз мәселе болған. Жаңартылуы кезінде жылыту жағына баса мән берілуде.

-Жылыту пешін сыртқа шығардық. Электр жүйелері 95 пайыз. Есік терезелері 90 пайыз қойылды. Жылу жүйесі 100 пайыз. Ауыз су және кәріз жүйесі жасалынды. Мұнымен қатар, сейсмокүшейту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда жұмысшы күші жеткілікті. Жоспар бойынша қарашада нысанды аяқтап өткіземіз, -дейді мердігер мекеме прорабы Айдын Жайшыбеков.

Жұмыспен қамтудың жол картасымен жаңартылып жатқан жоба құны 958 млн теңге. Мердігерлер құрылысты мамырдың ортасында бастаған. Содан бері 178 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылып отыр. Бастаманың басты мақсаты ауылдағы екі қолға бір күрек іздеген азаматтарды тарту болған. Осы ретте мұндағы жұмысшылардың айлық жалақысы 85 000-200 000 дейінгі аралықта берілді. Дәл қазіргі күні құрылыстың біршамасы аяқталуына байланысты 45 000 жұмыс істеп жатыр.  Мектептің парта-тақта, кабинеттері, сыныптар материалдық-техникалық базасы  толығымен жаңартылады. Бұл мақсатқа жобадан бөлек, 23 млн теңге қаржы бөлінген.

Ширек ғасырлық тарихы бар білім шаңырағы 1172 орынға лайықталған. Шағын орталығымен қосқанда бүгінгі күні 750 бала тәрбиеленіп жатыр. Пандемия жағдайына байланысты оқушылар толығымен үйлерінде оқытылуда. Жаңа оқу жылында көпбалалы, аз қамтылған, мұқтаж отбасы балаларына мектеп тарапынан 20 ноутбук-смартфондар үлестіріліп берілген. Айта кеткен жөн, келер жылы ауданда қос мектеп табиғи газға қосылады. Жамбыл және Хамраев орта мектептеріне көгілдір отын жеткізу үшін бүгінде жобаның сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.

Пенжім ауылындағы жаңа амбулаторияның салынуына жол картасы негіз. Ауыл тұрғындарының игілігіне іргетасы қаланып жатқан нысан 50 орындық. 7000-ға жуық халқы бар елді -мекенде бүгінгі дейін замануи жаңа емдеу мекемесі болмаған. Басы ауырып, балтыры сыздаған ауылдағы ағайын шағын дәрілерлік амбулаторияны жағалап келген. Енді міне көп ұзамай қарашадан су жаңа кешенге келетін болады. Мұндағы басты ерекшелік ішіндегі қондырғылар, материалдық-техникалық база бәрі жаңа заманғы жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Әзірге, 4 дәрігер қызмет көрсетеді деп жоспарланған.  " НұрШапағатҚұрылыс"ЖШС-і қарашаның 30ында нысанды толықтай ел игілігіне береміз деп білек сыбанып отыр. Бүгінгі жалпы жұмыстың 70 пайызы біткен. Амбулатория ғимаратының құрылысын салуға 259,2 млн.теңге бөлінген. Мұнымен қоса,  ауданаралық көпсалалы ауруханасын абаттандыру жұмыстары 52,8 млн.теңгеге атқарылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4843685