Ұйғыр ауданында шаруалар 79 000 тоннадан аса жүгері жинады

03.11.2020ж

Ұйғыр ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері оң нәтижелерге қол жеткізді. Ағымдағы кезеңде ауылшаруашылық өнімдері 20 миллиард 230 миллион теңгеге өндірілді. Бұл туралы аудан  әкімі Шухрат Нұрахунов көшпелі баспасөз брифингінде  айтты.

 Айтуынша, аграрлық сектордың көрсеткіштері өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 миллиард 195 миллион теңгеге өсті.  Сәйкесінше нақты көлем индексі 103,4 пайызды құраған.

«Аудан бойынша 2267 гектар алқаптан 4280 тонна өнім жиналды. Соңғы жылдары жүгеріге сұраныс артып келеді. Биыл біз 12 054 гектар алқапқа дала аруын егіп, 79210 тонна өнім алдық. Бұл гектарына орташа есеппен 60-68 центнерді құрайды. Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан шаруалар мол өнім алды», - деді Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов.

Сонымен қатар, қара дала өңірінде 4230 гектарды құрайтын жеміс-жидек бағы бар. Оның ішінде 3207 га мейіз, 41 га жидек, жүзім алқабы 630 гектарға жуықтайды.  Бақты ауданда «Апорт» сортының алма бағы да өсіріліп жатыр. Биылғы жылы 464 гектар жаңа бақтар отырғызылды, оның 417 гектары өрік, 33 га алма, 11 га шабдалы.

«Бағбандар шаруа кезінде тамшылатып суару әдісін пайдаланып отыр. Осы тәсілмен 560 гектар бақша суарылуда. Бүгінде ауданда ауылшаруашылық өнімдерін егу, күту, жинау, өңдеу және сату үшін 502 трактор, 34 комбайн, 39 себу техникасы жұмыс істейді», - деп түйіндеді Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Лутпулла Хавайдуллаев.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4843668