Еңбекшіқазақ ауданында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ашылады

03.11.2020ж

Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округінде 50 орындық жаңа дәрігерлік амбулатория ашылмақ. Айта кету керек жаңа медицина мекемесінің құрылысы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Аталған бағдарлама бойынша нысанда 62 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған,  ал жақын арада нысан толғымен пайдалануға беріледі. Бұл туралы "JETISÝ MEDIA" көшпелі баспасөз конференциясы барысында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда 21 жоба орындалу үстінде, оның 2 - і медицина нысандары.

«Көктөбе ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны салуға 310 млн. теңге қарастырылған. Қазір құрылыс жұмыстарының 90% аяқталды, желтоқсан айының басында осы амбулаторияның мамандары жаңа ғимаратқа көшеді деп жоспарлап отырмыз. Жалпы, ауданда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жоспарланған барлық 109 жоба мерзімінде орындалуда. Тіпті келесі жылға өтетін ірі нысандар да бар» ,– дейді ол.

Ал дәрігерлік амбулатория салу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Көктөбе ауылдық округінің әкімі Жақсылық Жылқыбеков айтып берді.

«Қазіргі уақытта бұл нысан типтік емес ғимаратта орналасқан амбулатория үшін дайындалуда.  Нысан тапсыруға дайын,  тек орналасқан аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізу ғана қалды. Бірнеше күн ішінде асфальт төсеуді аяқтап, 25 қарашада пайдалануға береміз. Бір қабатты амбулаторияның ғимаратында тіркеу орны, емшара бөлмесі, егу бөлмесі, дәрігерлер кабинеттері, клиникалық, биохимиялық зертханалар және қолданыстағы нормалармен көзделген өзге де кабинеттер бар»,– деп атап өтті ол.

 Айта кетейік, болашақта медициналық мекеме Көктөбе ауылының 5 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсететін болады.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4844201