Еңбекшіқазақ ауданында су құбырының құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталмақ
- Толығырақ
- Жарияланды 03.11.2020 06:53
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 879
03.11.2020ж
Мемлекеттік саясатты іске асырудағы басты міндеттердің бірі халық үшін сапалы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету. Олардың арасында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде.
Мысалы, Еңбекшіқазақ ауданында топтық су құбырының құрылысы жүргізілуде, ол ауданның 9 елді мекеніне, соның ішінде Есік қаласына су жеткізетін болады. Яғни, ауданның 105 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіледі. Мұндай мәліметтерді "JETISÝ MEDIA" көшпелі баспасөз конференциясы барысында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәурен Мәлібеков айтты.
40 шақырымнан астам су құбыры "Жұмыспен қамтудың жол картасы" өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда. Оны іске асыруға 4 млрд. теңге бөлінді.
«Аталған бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жобалардың ең ірісі осы ауызсу тарту нысаны болып табылады. Бұл нысан 105-тен астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бүгінгі таңда 27 км су құбыры салынды және 800 текше метр болатын екі су резервуарын монтаждау жұмыстары басталды»,– дейді Дәурен Мәлібеков.
Айта кету керек, ауданды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуға бағытталған ауқымды жобаның аяқталуы 2022 жылға жоспарланған. Құрылыс кесте бойынша жүргізілуде.
Жалпы, ауданда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 109 жоба жүзеге асуда. Бүгінгі таңда 88 нысан немесе жалпы санының 80,7% аяқталды, оның ішінде: 43 білім беру нысаны, 6 тұрғынүй шаруашылығы объектісі және 39 автомобиль жолы бар. Еңбекшіқазақ ауданында Жұмыспен қамту орталығы арқылы халықты жұмысқа орналастыру жоспары 109,3% - ға орындалды.