Мерейлі мерекемен құттықтады
- Толығырақ
- Жарияланды 16.11.2020 08:13
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 902
13.11.2020ж
Жуырда аудан әкімі Талғат Өмірәлиев Қазақстан статистикасына 100 жыл толуына орай, Статистика күні қарсаңында аудандық статистика басқармасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, басқарма қызметкерлеріне Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыстады.
1920 жылдың 8 қарашасында Қазақ АКСР Үкіметінің «Қазақ АКСР-дағы мемлекеттік статистика жағдайы» қаулысы енгізіліп, құрылған Қазақстанның статистика жүйесі бүгінде халықаралық талаптарға сай өзгерді. Республикамыздың статистика органдары экономика, әлеуметтік және демографиялық индикатор, ауыл шаруашылығы мен халық тұрмысы секілді түрлі салалар бойынша халықаралық талаптарға сай объективті және толық мәлімет бере алады. Ал осы салада жұмыс жасайтын мамандардың еңбегінің арқасында аудандағы халықтың тұрмыс-тіршілігінің деңгейі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы нақты әрі объективті ақпаратпен мемлекет хабардар болып отыр.
Мерейлі мерекеде «Жалпы статистика арқылы көп нәрсені бағамдауға болады. Ауданның дамуы мен болашағына жоспар осы статистика сандары арқылы анықталады. Сондықтан бұл сала жауапты әрі маңызды»,— деп атап өткен аудан әкімі басқарма қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
(Өз тілшіміз).