Алматы облысындағы көп қабатты үйдің қас бетіне Қазақстанның байрағы ілінді
- Толығырақ
- Жарияланды 16.12.2020 08:25
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 863
16.12.2020ж
Алматы облысы " Менің туым. Менің Отаным!» атты республикалық челенжді қолдап, Талдықорған қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне Қазақстанның жалауын орналастырды.
Шектеу шаралары мен мәдени-көпшілік іс – шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жетісулықтар осы айтулы күннің-Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының маңыздылығын ерекше атап өтуге бел буды.
Үй тұрғындарының айтуынша, бұл челлендж азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін күшейтуге ықпал ете алады.
"Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз бұл күннің маңыздылығын ұмытпауымыз керек", - дейді 16 қабатты тұрғын үйде тұратын Гүлназ Ермұратова .
Сонымен қатар, қала тұрғындары да күнтізбедегі ең маңызды күнді мерекелеу үшін жүзеге асырылған шығармашылық істі бағалады.
«Мен осы ықшам ауданның тұрғынымен. Мойын созып қарағанда көк туымыз көзіме оттай басылды. Өте әдемі көрінеді. Біз әрқашан Тәуелсіздік күні мен мемлекеттік рәміздерге ерекше мән беруге тиіспіз деп санаймын. Ал мұндай челендждер Тәуелсіздіктің қастерлі үғым екенін түсінуге көмектеседі", - дейді қала тұрғыны Аяужан Болат.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Менің туым. Менің Отаным!" челенджі бүкіл республика бойынша басталды. Әлеуметтік маңызы барнысандарда және тұрғын үйлердің балкондарында мемлекеттік рәмізді ілуге рұқсат етіледі. Бұл акцияны қазақстандықтар оң қабылдады, олар әлеуметтік желілерде арнайы жабалармен, фото және бейне материалдармен бөлісіп, #Моифлагмояродина, #МеніңтуымМеніңелім #ЦветМоейРодины #Нашобщийпредник хэштегтері астында Қазақстан Туымен байланысты оқиғаларды жариялайды