Еріктілерден ерекше флешмоб
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2020 14:41
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 812
16.12.2020ж
Желтоқсанның 11 күні аудандық «Nur Otan» партиясының филиалы алдында партия еріктілері ерекше флешмоб ұйымдастырып, аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Басты мақсат – қаңтар айында өтетін сайлаудың еліміз үшін маңыздылығына өңір тұрғындарының назарын аударту.
Сондай-ақ партияның ерікті жастары саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу міндеті партияның басты негізгі қағидаты екендігін терең ұғына отырып, партияны қолдауға шақырды.