Жастарды Қолдау - басым баҒыт

16.12.2020ж

«Жаңа буын ірі   проблемаларды шеше алатындай болулары, сондай-ақ өзгерген экономикалық және технологиялық жағдайларға бейімделе білулері тиіс, сондай-ақ олардан  ғаламдық трендтерді екі қадам бұрын сезіне отырып, қалыптасқан жағдайларды тиімді түрде пайдалана білу  талап етіледі»,- деп еліміздің Тұңғыш Президенті,

«Nur Otan» партиясының Төрағасы   Нұрсұлтан   Назарбаев  ел   ертеңі жастарға зор сенім білдіріп, жас буын өкілдері талпынысы мен білімін, қарым-қабілеттерін мемлекет және қоғам дамуының қозғаушы күшіне   айналдыратынына үлкен үміт артатындығын жеткізген болатын.

                Партия жастар болашағына бей-жәй қарамай олардың арман-мақсаттарының жүзеге асуы үшін зор мүмкіндік сыйлайды. Осыған орай желтоқсанның 13 күні жастар бірлестіктерімен «Жастар-Отанға» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу онлайн форматта zoom бағдарламасы арқылы жүргізілді. Кездесу барысында партияның жастарға арналған бағдарламалары таныстырылып, жас буын өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4844343