Кандидаттар қарқынды жұмыс жасауда
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2020 15:11
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 808
16.12.2020ж
Панфилов ауданында Экспромт-кездесу аясында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына ұсынылған үміткер Е.Жасыбаев пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер С.Ақсубаев және Панфилов аудандық «Nur Otan» партия филиалының штаб жетекшісі, Партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Досмаилов Қанат, штаб жетекшісінің орынбасары Құрманжан Аубекович партияның сенімді өкілдерімен бірге өңірдегі «Алтын» сауда орталығына барып, тұрғындармен жүздесіп қайтты.
Мәслихат депутаттығына үміткерлер «Алтын» сауда орталығындағы саудагерлермен кездесіп әлеуметтік мәселелерді талқыға салды. Сауда үйі қызметкерлері өздерін алаңдатып жүрген мәселелерін атап өтіп, сұрақтарын қойды. «Бұл жыл біз үшін, жалпы ел үшін үлкен сынақтарға толы жыл болды. Әлем елдерін әбігерге салған пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсетіп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күш-жігерін салып қызмет етіп келеді», - деді ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына ұсынылған үміткер Е.Жасыбаев.
Сондай-ақ аудан орталығындағы жаңа құрылыс нысанымен танысып, мұндағы жұмысшыларға сайлауалды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Алдағы уақытта маңызды саяси науқан күтіп тұр. Әрбір үміткер елеулі мәселенің шешім табуына атсалысып жүрген азаматтар»,- деген облыстық мәслихат депутаттығына үміткер С.Ақсубаев қаңтар айында өтетін сайлауда сенім білдіріп, қолдау танытуға шақырды.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды. Шара барысында жалпы санитарлық талаптарға сәйкес қауіпсіздік ережелері толықтай сақталды.