Сайлау-2021. Белсенділер белсенді іске кірісті
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2020 15:19
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 836
16.12.2020ж
Еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күніне орай Панфилов аудандық "Nur Otan" партиясына ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Е.Жасыбаев келіп, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Құрманжан Аубекұлымен бірге партия белсенділерімен кездесті. Өз сөзінде үміткер Е.Жасыбаев белсенділерге үгіт-насихат жұмыстарына белсенді түрде атсалысқандары үшін алғысын білдірді.
Жастар - кез келген мемлекеттің болашағы. Сол себептен де олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау, сапалы білім алуына жол ашу, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыспен қамту мәселелері - "Nur Otan" партиясы үшін әрдайым басымдықта екендігін атап өтті.
Сондай-ақ жуырда Еліміздің Тұңғыш Президенті, партияның Лидері Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен партияның жастар қанатының V Съезінде таяудағы 5 жылға арналған нақты нысаналы көрсеткіштері бар "Jastar Otanga" бағдарламасы қабылданғандығын және бағдарламаның негізгі басымдықтары мен мақсаттары туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жастардың көкейде жүрген мәселелерін де тыңдап, аталған мәселелердің оңды шешілу жолдарын да назарынан тыс қалдырмайтындығын баяндады.