САЙЛАУ-2021. ӨҢІРЛЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ ДІҢГЕГІ.

24.12.2020ж

«ADAL» партиясы Парламент Мәжілісі сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді пәрменді жалғастырып келеді. Бүгінгі күнге дейін партия өкілдері республика аймақтарында 1 522-ден астам кездесу өткізіп үлгерді.

Үміткерлер тұрғындармен кездесу барысында партияның бағдарламасын түсіндіріп қана қоймай, азаматтардың тілектерін тыңдауды, олардың сұрақтарына нақты жауап беруді мақсат етті. Кездесулер - де белгілі болғандай, тұрғындардың арасын- да жергілікті атқарушы биліктің қызметіне көңілі толмайтындар, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті жеткіліксіз деп есептейдіндер бар. « A D A L » партиясының өкілдірі базарларға, сауда орталықтарына, киім- кешек және азық-түлік дүкендеріне барды. Кездесулерде кәсіпкерлер пар- тия өкілдеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Желтоқсанның 16 күні «ADAL» партиясы Алматы облысының бірқатар аудандарын аралап, партияның сайлауалды бағдарламасымен та- ныстырды. Атап айтқанда, «ADAL» партиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ляззат Шыңғысбаева ауданымызда болып, партияның желілік кестесіне сәйкес кездесу- лер өткізді. «ADAL» пар- тиясынан үміткер кездесуі кезінде партияның сайла- уалды бағдарламасында алға қойған міндеттер туралы егжей- тегжейлі баяндап берді. Азаматтарға облыстық бюджеттер, нақты елді мекендердің проблемалық мәселелері және т.б. туралы ақпарат алуға көмектесетін партияның веб-сайтының қызметтеріне ерекше назар аударылды. Кездесу барысында жаркенттік тұрғындар партия бағдарламасының басымдықтарын мақұлдайтындықтарын білдіріп, партияға қаланы көркейтуге көмектесуін тіледі. Кездесулер бары- сында үміткер тұрғындар тарапынан туындаған барлық проблемалық мәселелер партия жұмыс істейтін тақырып екенін баса айтты. Кездесулер барысында «ADAL» партиясының мүшелері өздері ұсынған бағдарламаның 30 пайы- зы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталғанын еске сал- ды. Партия сонымен қатар мыңдаған мемлекеттік қызметкердің жалақысын көтеруді қолдайтынын ха- барлады. «ADAL» парти- ясы аймақтарда күн сайын 200-ге жуық кездесу өткізді. Оларға 3 300-ден астам адам қатысады. Жалпы үгіт-насихат кезеңінде бұған дейін 1522 кез- десу өткізіліп, оған 22 381 адам қатысты.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4143396