А.ПЕРУАШЕВ «АQ JOL» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРДАСТАРЫНА ҮНДЕУ ТАСТАДЫ

24.12.2020ж


«АQ JOL» партиясының үгіт-насихат тобы жас сайлаушылармен және «АQ JOL» партиясының құрдастарымен кездесу өткізді. Іс-шара жаңа тех- нологияларды әзірлеумен, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей бойынша тауарларды жеткізумен айналысатын «KBT Store» компаниясын да өтті.

Компанияда 18- 35 жас аралығындағы 1200 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынды «100 жаңа есім» байқауының жеңімпазы, Мәжіліс депутаттығына кандидат, «ақ жолдық» Азат Семби- нов басқарады. Өз сөзінде Азат Перуашев «АQ JOL» партиясының құрдастарын өмірлеріндегі алғашқы сайлаумен, бірінші дауыс берулерімен құттықтады. -«АQ JOL» партиясына 18 жыл тол ды, өткен уақыт ішінде үш рет парламентке өтті. Көпшілігіңіз бірінші рет дауыс бермексіздер. Бұл сіздердің саяси өсулеріңіз және осы сәтте дұрыс таңдау жасау өте маңызды, – деді ол өзінің құттықтауында. «АQ JOL» көшбасшысы партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ай- тып, бизнесті қолдау және әлеуметтік әділеттілік ту- ралы бөлімдерге ерекше тоқталды. -«АQ JOL» партиясы Қазақстанды мүмкіндіктер мемлекетіне айналдыруға ұмтылуда. Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу, отанымызда жүріп, даму перспективалары жастар үшін кез келген басқа елдер- ге қарағанда әлдеқайда тар- тымды болуы тиіс. Сіздердің араларыңызда – болашақ министрлер, компания бас- шылары, бизнесмендер бар. Сіз өз ойыңызды кедергісіз жүзеге асыра алатын, кеткіңіз келмейтін елде өмір сүруіңіз керек. Біз дарынды жастардың елден кетуіне қарсымыз. Жыл сайын Қазақстаннан мыңдаған дарынды жас жігіттер мен қыздар кетіп, қайтып орал- майды – бұл біздің ұлттық қасіретіміз, – деп атап өтті А.Перуашев. Ол өз сөзінде партияның жастарды қолдау жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды. Атап айтқанда: «Ақ жолдың» отбасылардың ипотека- ларын субсидиялау тура- лы, ауылдағы қолжетімді спорт кешендерінің қажеттілігі туралы, бала- лар мен жастарға арналған тегін спорт секцияла- ры, жұмысшы жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй салу туралы ұсыныстар. Қалаларға көшетін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктер шағын өндірістерге, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымға арналған үй-жайлары бар ықшам әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салуы тиіс. Қазақстанның болашағы - Сіздер, біз бірге Отанымызды көркейтуіміз керек!,- деп А.Перуашев жас сайлаушыларды дұрыс таңдау жасауға шақырды. «АQ JOL» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4844602