ПАРТИЯ ТЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРІП КЕЛЕДІ
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2020 16:53
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 847
24.12.2020ж
«Nur Оtan» Республикалық сайлауалды штабының өңірлерге сапары жалғасуда. «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Алматыға келіп, билеуші партия өкілдері қоғам белсенділерімен, саясаттанушылармен, сарапшылармен, шағын және орта бизнес пен зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ жас стартапшылармен, ІТ мамандармен, блогерлер- мен және вайнерлермен бірқатар кездесулер өткізді. Алматы қаласының сарапшылар қауымымен кездесуде азаматтар мен мемлекеттің арасындағы кері байланысты жолға қоюда азаматтық сектордың қатысуы мен рөлін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. «Nur Otan» партиясы Елбасының 5 институционалды реформасы мен Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық жерде азаматтық бақылауды енгізуге, ең алдымен мұның бюджеттің жұмсалуы бойынша қолданылуына ықпал етеді. Біз қоғамдық сарап- тама мен онлайн-петицияға заңды мәртебе береміз, заңнамалық деңгейде ауыл әкімдерінің тікелей сайлану- ын енгізіп, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етеміз», - деді Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек. «Nur Otan» партия- сы салықтардың санын қысқартып, оларды есептеу тәртібін оңтайландыруға, әлеуметтік маңызды тауарларды өндірушілер үшін ҚҚС-ын төмендетуге, экономиканың нақты сек торларын несиелендіруді кеңейту үшін жағдай жасауға қол жеткізеді. Салықтық міндеттемелердің орындалуына қашықтан мониторинг жасау енгізілмек. Бизнесті санкцияланбаған тексерулерден қорғау үшін бизнесті салықтық заң бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шегін қайта қарау жоспарлануда. Сот пен прокурордың санкциясынсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттеріне тыйым салынады. Азаматтардың денсаулығы мен эко-логияны қорғау талаптарына сай келмейтін барлық нормативтік-реттеу құжаттары алынып тасталады. Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары – фриланс, қашықтан және ішінара жұмыспен қамтылу бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік кепілдікті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету көзделеді. Жалпы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ІТ саласында 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, бір апта ішінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды штаб мүшелері еліміз бойынша 7 мыңнан астам кездесу өткізіп, ол 650 мыңнан астам сайлаушыны қамтыды. «Есіктен есікке» акциясы барысында жасотандықтар 174 мыңнан астам пәтерді аралады. Штабтар жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 8 мыңнан астам өтініш келіп түссе, оның ішінде 2 мыңнан астам ұсыныс пен талап-тілек тұрғындардан келді. Кандидаттар мен партияның сенімді өкілдері 1,8 мың қабылдау өткізіп, оның барысында барлығы 7,6 мың адамды қабылдады