«АУЫЛДАН АУЫЛҒА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

24.12.2020ж
Еліміздің барлық аймақтарында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Ауылдан ауылға» акциясы басталды. Ел аумағындағы бұл іс-шараларға «Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар қатысты. Акция барысында депутаттыққа кандидаттар мен партия жетекшілері ауылдық жерлерді аралап, тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Осылайша, «Ауыл» партиясының «Ауылдан ауылға» республикалық акциясы Жамбыл облысында бастау алды. «Ауылдан ауылға» үгіт-насихат науқаны шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің, Павлодар облыстық және аудандық мәслихаттарына депутаттыққа «Ауыл» партиясынан кандидаттар Н.Арсютин, Е.Тоқтушаков, Б.Аманжолов,К.Шапуов, Н.Жүсіпова, Д.Қасенов, В.Поляков, Д.Нұрсейітов, Ф.Лохашева Шарбақты ауданы Орловка кентінің тұрғындарымен кездесті. «Ауылдықтардың» көшпелі тобын партиядағы әріптестері – филиал төрағасы Е.Байқұрманов және қолдау лигасы штабының басшысы А.Батыршаев бастап барды. Өз сөзінде кандидат облыста мұндай ауылдар өте аз екенін атап өтті. Көп жағдайда проблемалық ауылдар кездеседі. «Ауыл» партиясы ондағы жағдайды үнемі қадағалап отырады. Н.Арсютин 2003 жылға дейін Қазақстанда 7660 ауылдық елді мекен бар болса, қазіргі уақытта олардың 6322-сі қалған. Яғни, 17 жыл ішінде жер бетінен 1328 ауыл немесе жыл сайын 100 ауыл «жойылды» деген сөз. Бұл процесс жалғасуда. Өкінішке орай, шенеуніктер ауылдардың нақты проблемаларын шешудің және сол арқылы дегра- дация процесін тоқтатудың орнына, билікке олардың болашағы жоқ деп «хабар- лап», ауылдарды жабуға ұсыныс жасаған. Қазірдің өзінде қара тізімде 3000-нан астам елді мекен тұр. Біз мұны зиянкестік деп санаймыз – деп қорытындылады Н.Арсютин. «Ауылдықтар» атап өткендей, жағдайдан шығудың жолы - ауылдарды қайта қалпына келтірудің арнайы бағдарламасын қабылдау. Оның аясында салық заңнамасына ауыл әкімінің бюджетіне тікелей түсетін салық түрлерін кеңейту бөлігінде бірқатар түзетулер енгізу қажет. Қазіргі уақытта ауыл әкімдері өз қалауы бойынша мүліктік салықтарды пайалана алады, алайда бұл қаражат инфрақұрылымды жақсартумен байыпты айналысу үшін жеткіліксіз. Мәселен, ауыл ішілік жолдарды ағымды жөндеу жұмыстарына орта есеппен 30 млн-нан астам теңге қажет болады, ал мүліктік салықтардың жиынтық жылдық көлемі ауылдық бюджеттің шығыс бөлігінің қажеттілігінен 10%-ына да жетпейді. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Е.Тоқтышақовтың пікірінше,тиімсіз бағдарламаларды қысқарту есебінен ауылдарды дамыту үшін белгілі бір резервтерді облыстық бюджеттерден табуға болатындығын атап өтті.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4844583