САЙЛАУ - 2021 ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУҒА ҰМТЫЛУДА
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2020 17:17
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 827
24.12.2020ж
Қазақстан Халық партиясының кандидаттары Алматы облысының сайлаушы- ларымен кездесу өткізді. Кездесуде партияның, оның депутаттық фракциясының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Қазақстан Халық партиясының сайлауал- ды бағдарламасы таныстырылып, негізгі бағыттары түсіндірілді. Сайлаушылармен болған кездесуде партияның әлеуметтік әділетті қоғам құру үшін жариялаған мақсаттары назарға алынды. Кездесуге түрлі әлеуметтік топтардың, түрлі саланың өкілдері жиналды. Олардың қатарында жастар да, аға буын өкілдері де бар. Ашық диалогта сайлаушылар өз сұрақтарын қойды. Кандидат- тар оларға толық жауап берді. Сайлаушылардың пікірінше, ҚХП- ның сайлауалды бағдарламасы жан-жақты және ел дамуы мен өмірдің барлық маңызды аспектілерін қамтыған. Діттеген мақсатқа жету үшін партия қойған міндеттердің ерекшелігі сайлаушылардың назарын аударды. Атап айтқанда, ҚХП-ның экономиканың капиталистердің емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі, банктердің есебінен жеке және заңды тұлғаларға несие рақымшылығын жүргізу, әділ салық саясаты, мемлекеттік шешімдерді іске асырудың ашықтығы мен тиімділігін бақылау электораттың шынайы қызығушылығын тудырды. Қазақстан әлеуметтік бағдарланған мемлекетке айна- луы тиіс деп есептейді ҚХП кан- дидаттары. Сондықтан медицина мен білімнің қолжетімділігі мен сапасы қалыпты нормаға айналуы керек. Тұрғын үй мәселесін шешу, жастар үшін мүмкіндіктер жасау және қарттар үшін лайықты өмірді қамтамасыз ету – халық қалаулылары шешуге ниетті міндеттер. Шара сайлауалды үгіт- насихат жұмыстары аясында өтті. Спикерлер: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, ҚХП атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Ерлан Смайлов, ҚХП Алматы облыстық филиалының бірінші хатшысы Сәуле Биғарова.