Халық арасындағы үміткерлер

05.01.2021ж

Сайлауға санаулы күндер қалды. Ал үгіт-насихат жұмыстары әлі де қарқынды жүріп жатыр. Қаңтардың 5-і күні «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Нақтырақ айтқанда Заитов Тұрған акция аясында Диханқайрат ауылында болып, сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, халықтың өмірін жақсарту бойынша бірінші кезекте қандай міндеттер қойылғандығы туралы айтып берді. Ал тағы бір партия кандидаты Аширов Ахметжан COVID-19-ға қатысты жағдай еңбек нарығына өзіндік түзетулер енгізіп, жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті және халықтың табысын айтарлықтай әлсіреткендігін айтып, «Nur Otan» партиясы жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы тұрақты жұмыс орындарының санын көбейту, әркім өзін және отбасыларын лайықты өмір деңгейімен қамтамасыз ете алу міндетін қойып отырғандығын алға тартып, тұрғындарды партияға қолдау білдіруге шақырды. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткердің бірі Әділетхан Иманбеков Нәдек ауылында болып, тұрғындарға 2021-2025 жылдары Нәдек ауылының мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі туралы партия бағдарламасында қамтылғандығын айтып, ауыл тұрғындарын қуантты. Сондай-ақ аталған ауыл халқының талап-тілектерін тыңдап, алдағы уақытта ескерілетінін айтып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды. Мұнымен қоса депутаттыққа үміткер ретінде белсенді іс-шаралар өткізіп, алдыңғы шептен көрініп жүрген Раушан Баякеева болса қала көшелерін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын кең көлемде жүргізді. «Бұл жәй үгіт-насихат емес, бұл үлкен жұмыс. Біздің тұрғындардың сыртта бей-жай қалмайтындығына және осындай кездесулер барысында өздерін мазалайтын мәселелер мен сұрақтарын көтеріп, ауданның дамуына өз үлестерін қосып жатқаны қуантарлық жағдай»,-деген үміткер «Nur Otan» партиясы бұрынғыдай әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру бағытына адал болып қалатынына зор сенім білдіріп, қала тұрғындарын ертеңгі күні туралы алаңдамай, лайықты жағдайда өмір сүруі үшін алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Ұлан байтақ кең даланы алып жатқан еліміздің жан-жағы көгілдір, күрең ала таулар қоршаған жерде туып өскен Елбасымыздың мұраты – биік, арманы – асқақ.  Осы жылдар ішінде қазір әлем таныған ел болып отырғанымыз елін сүйген Елбасының арқасы десек қателеспейміз. Өйткені, қазақ халқының тарихи Отаны, сонау түп аталарымыздың мәңгілік бесігі, ұрпағымыздың ұлы ордасы Қазақстанды, Қазақ елін әлем халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана танығандығын партия үміткерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында барған жерлерінде баяндап жүрді. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз деп аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер жүрген жерлерінде Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз туралы да баяндап жүруді ұмыт қалдырған жоқ.

Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламаларын халыққа түсіндіріп, үнпарақтар таратылды. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті қолдаудағы мемлекеттің жүзеге асырып отырған жобаларын, соынмен қатар «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған басымдықтар жайында да сөз қозғап, өңір халқының түрлі сұрақтарына тосылмай жауап берді. 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4844532