Ер есімі – ел есінде" атты тыл ардагерлерімен кездесу өтті

06.01.2021ж

Еліміздің бүгінгідей бейбітшілікте өмір сүруі – сол қанды майданда ерен ерлік көрсеткен хас батырлардың арқасы. Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздік үшін, егемендігіміз үшін, ашық аспан астындағы бейбіт өміріміз үшін ата-бабаларымыздың алдында мәңгі қарыздар.

 

Осы орайда бүгінгі ұрпаққа еліміздің тарихы мен басынан кешкен қиындықтарын, бүгінгі егемендіктің оңай жолмен келмегендігін дәріптеу мақсатында қаңтардың айының 4 жұлдызында "Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Раушан Баякеева, Руслан Тулақбаев, Қуат Иманханов zoom платформасы арқылы өз әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы «Ер есімі – ел есінде» атты тыл ардагерлерімен кездесу өткізді.

"Халқымызда есімдері жас ұрпаққа үлгі боларлық жерін жаудан, өз елінің өзгенің құлдығында болудан қорғаған батыр бабаларымыз көп болған. Бүгінгі ұрпақ сол батыр бабаларымызға Тәуелсіздігім және бүгінгі тыныш, бейбіт, уайымсыз күніміз үшін мәңгі қарыздармыз. Олардың ерлік істері біздің мәңгі есімізде",-деген партия үміткерлері аудан жастарына тарихымызды ұмытпай, әрдайым дәріптеуге шақырды.

Кездесу барысында ауданымызда  Ұлы Жеңісті жақындатуға сүбелі үлестерін қосқан есімдері белгілі Ақымжанов Құдайберген, Найманбаев Жұмаділ, Шарипов Абак, Боранбаев Мұқа, Ақымжанова Сақыпжамал, Қыбраев Ағиса, Даутов Сраждин, Даутов Исмаил, Мусалимов Турған, Худайбердиев Абдурахман, Даутов Сауыт, Илахунова Омай, Юсупов Розәм сынды  ардагерлерді еске алып, есімдерімен кеңінен таныс болдық.  Кездесуде партия кандидаттары ел бірлігі мен Ұлт көшбасшысы - Елбасымен бірге қызмет еткен сындарлы жылдардағы болған жарқын кездесулер жөнінде айтып өтті. Кездесуге қатысқан ардагерлер Отан деген киелі ұғымды толыққанды түсіну әр адамның өзінің туған жеріне, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алатынын өз өмір өткелдерінен мысал келтіре отырып баяндап берді. Жастардың санасында Отансүйгіштік пен патриотизм киелі ұғымдары толыққанды қалыптасуы үшін әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін туған  Отанына, еліне арнауы керек екендігі айтылды. "Партияның көшбасшылық қабілетін оның әрбір мүшесі өз ортасында таныта білуі керек және соған орай жауапкершілікке де ие болады. Халқымыздың арасында «Nur Otan» партиясының рөлі өте жоғары болуы керек",-деген партия үміткерлері "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

"Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін",-деп партияның сайлауалды бағдарламасы рухани құндылығымызды бағалап, өткеніміз бен бүгінімізді сабақтастыруды көздейтіндігін айтты.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4844555