АЗАТ ПЕРУАШЕВ: "БІЗ ПАРТИЯМЫЗҒА АРТЫЛҒАН СЕНІМДІ АҚТАЙМЫЗ"
- Толығырақ
- Жарияланды 11.01.2021 06:49
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 939
11.01.2021ж
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат ПЕРУАШЕВ Қазақстан халқын сәтті өткен сайлаумен құттықтады. Бұл жайында «Хабар 24» мәлімдеді.
«Ақ жол» партиясының төрағасы саяси ұйымды қолдаған отандастарына алғыс білдірді. Оның айтуынша, биылғы науқан қауіпті індетпен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан барлық санитарлық талапты сақтай отырып, сайлау ұйымдастырылды. Бұл тәжірибе енді алдағы уақытта кәдеге жарап, еліміздің дамуына септігін тигізеді деп сенім білдірді партия төрағасы.
- Меніңшe, біздің партияларымыз, біздің сайлаушыларымыз өздері үшін өте жақсы тәжірибе жинады. Ол тәжірибе ары қарай да еліміздің дамуына, еліміздің демократияландыруына өте пайдалы, өзекті болады деп ойлаймын. Соған сенімдіміз және де мен барша «Ақ жол» партиясына дауыс бергендерге алғыс білдіргім келеді. Біз партиямызға артылған сенімді ақтауға тырысамыз, - деді Азат Перуашев.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"