Ел алдындағы есеп
- Толығырақ
- Жарияланды 29.01.2021 05:40
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 983
22.01.2021ж
Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиевтің аудан халқы алдындағы есебі Басқұншы ауылдық округінен басталды.
Елімізде қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін есеп беру кездесуі онлайн форматта қаңтардың 20 жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті.
Кездесуге округ халқының барлық жіктері: жергілікті қоғамдастық мүшелері, депутаттар, сондай-ақ БАҚ өкілдері, оқу және еңбек ұжымдары, мекеме, ұйым, кәсіпорын басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесуге Алматы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ермек Әмірғалиев те қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Басқұншы ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму преспективалары» туралы Басқұншы ауылдық округі әкімі қ.Насырбековтың «Панфилов ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму преспективалары» туралы Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиевтің есебі тыңдалды.
Есепті баяндама негізінен нақты мәселелер төңірегінде өрбіп, ауданымызда, округте атқарылған кешенді істер, қол жеткен табыстар жөнінде сөз болды. Сондай-ақ аудан әкімі Т.Өмірәлиев пен округ әкімі Қ.Насырбековтың есеп беруінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясаты, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы толықтай қамтылды.
Есепті баяндамадан соң ZOOM платформасы арқылы округ тұрғындары Қаныбек Сембаев, Бақытжан Нұралиев және тағы басқалары көкейінде жүрген ойларын айтып, сұрақтарын қойды.
Онлайн жиын барысындағы сөз сөйлеушілер аудан әкімі мен округ әкімінің жұмысына қанағаттанарлық баға берді
Есепті кездесуді аудан әкімі қортындылап, өзіне қойылған сауалдарға жауап беріп, алда тұрған міндеттерді жеткізді. Жиналыста қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.