"Жол картасы" өңір дамуына жаңа серпін бермек

19.02.2021ж

Ақпанның 16 жұлдызында «Nur Otan» партиясының аудандық Мәслихаттағы депутаттық фракциясы Панфилов аудандық партия филиалының төрағасы Талғат Өмірәлиевтің қатысуымен өтті. 

 Аудандық сайлауалды бағдарламасының орындалу тетігі қарастырылған бұл жиынды Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Досмаилов ашып, жүргізіп отырды. 

Негізінен жол картасы жобасында іс-шаралар көрсеткішінің саны-13, жоспарланған іс-шаралардың саны-102, республикалық бюджеттен алдағы 5 жылда 17,4 миллиард, жергілікті бюджеттен 14,7 миллиард теңге бөлінуі жоспарланған. Сонымен қатар, жеке қаражат есебінен 376,8 миллиард теңге бөлінуі көзделген. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасына» Панфилов аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Сәуле Рамазанова толыққанды баяндап өтті.
       Жол картасы 7 бағыттан тұрады. Сондай-ақ өңіріміздің алдағы 5 жылдықтағы даму жолдарын айқындайды.
       Жол картасында білім, денсаулық, спорт салаларында жаңа нысандар салыну, сонымен қатар өңірімізге тартылатын инвестиция нақтыланды.
      Мұнан соң баяндаманы талқылауға аудандық мәслихат депутаттары белсене қатысты. Панфилов аудандық мәслихатының «Заңдылық, азаматтардың құқығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, спорт, коммуналдық қызмет мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Ұлдана Бегімбекова сөз сөйлеп, көтеріліп отырған мәселелер туралы айтып, өз ой-пікірлерін білдірді.
     Басқосуда күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Панфилов аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерінің жеке жұмыс жоспары бекітілді.
     Фракция жиналысын аудан әкімі Талғат Өмірәлиев қорытындылап, бекітілген жоспарға сәйкес іс-шара уақтылы әрі сапалы өткізілуіне, фракция мүшелері өз құзыретіне сай жұмыстарды ұйымдастыру қажет екендігін тілге тиек етті. Жол картасының әрбір тармағының орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті, депутаттарды өнімді жұмыс істеуге шақырды.
      Жиналыста күн тәртібінде қаралған мәселелер туралы тиісті шешім қабылданды.
Бағдат Айтмұқаева.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4845025