Жаңа пәтер иелері қуаныш құшағына бөленді

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28  маусымдағы  қаулысымен  бекітілген өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес соңғы жылдары ауданымызда тұрғын үй құрылысы жоспарлы түрде жүргізіліп, тұрғындарды  баспанамен   қамтамасыз  ету   ісіне   көңіл  бөлінуде.

 

 

                Соның айғағы әрқайсысында 60 пәтерден екі көпқабатты үй пайдалануға берілді.  Құрылыс монтаж жұмысы 2016 жылы басталған коммуналдық тұрғын үй құрылысының өзіндік құны 885,5 миллион теңгені қамтыды.

                Пенжім ауылдық округіне қарасты Нұркент қалашығында бой көтерген жаңа үйдің пәтерлерінің кілттері 9 қараша күні иелеріне салтанатты түрде  табыс етілді.

                Салтанатты жиынға  арнайы  қатысқан облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов сөз алып пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады, сондай-ақ пәтерлердің  кілтін  өз  қолымен  табыс  етті.

                Жаңа пәтерге  ие болған зейнеткер  Ж.Райымбекова, Панфилов облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған көмекші мектеп – интернатында тәрбиеленген А. Соловьева аудан және облыс басшыларына шынайы ризашылықтарын білдірді.

                Шара барысында әжелер тобы шашу шашып, лента қию рәсімі болды. Аудан әкімі  Б.Абдулдаев пен облыс әкімінің орынбасары А. Байжанов бастаған зиялы азаматтар тұрғын үйлердің  ішіне кіріп, аралап көрді.

                Мерекедегідей безендірілген жаңа тұрғын үй ауласында  көркемөнерпаздардың концерті тамашаланды.

Жұмағазы  Бейсебек.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839918