Өмір бастауы, ұрпақ жалғастығы,әлемнің әдемілігі –әйелде
- Толығырақ
- Жарияланды 05.03.2021 05:00
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 924
05.03.2021ж
Құрметті асыл аналар! Аяулы арулар! 8 наурыз - адамның жанын жадыратып, көңілін көтеретін тамаша мереке! Халықаралық әйелдер мейрамы көктемнің алғашқы күндерінде тойланып жатса, бұл жаратылысынан сұлулық сырын, мейірімділік қасиетін бойларына сіңірген нәзік жандыларға деген лайықты құрмет деп білеміз.
Адамзат жаратылғалы бері әйел жайлы қаншама ән шырқалып, жыр жазылды. Алайда әйел әлемі таусылмайтын тақырып.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қоғамдық өмірінде әйел-аналарға айрықша көңіл бөледі. Мемлекетімізде олардың өз бетінше жан-жақты жетілуіне бар мүмкіншіліктер жасалған.
Әйел-аналардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге де назар аударылуда. Көп балалы аналар мен жас аналарға материалдық көмек, дүниеге келген сәбиге берілетін қаржы, балалар жәрдемақысы, басқа да төлемдер көбейтіліп, жылдан-жылға еселенуде. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде әйелдер ертеңгі күнге нық сеніммен қарайды. Бұл сенім ортақ болашағымыздың негізін қалау жолында үлкен мақсаттарға жетудің жоспарларын жүзеге асырудың биік тұғыры.
Құрметті аналар! Аяулы аналар! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, бірлік тілеймін. Тынымсыз тіршіліктің әр сәті сіздерге қуаныш пен бақыт сыйласын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!