Жетісу өлкесінде 4 мыңға жуық отбасы баспаналы болады
- Толығырақ
- Жарияланды 16.03.2021 04:42
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 871
12.03.2021ж
Алматы облысында "5-10-20" бағдарламасы арқылы тұрғындарды 650 пәтермен қамтамасыз ету жоспарлануда.Бұл жайлы толығырақ «Jetisy Media» ақпараттық алаңында хабарлады.
Аталмыш бағдарлама Қазақстан тұрғын үй жинақ банкінің серіктестігімен іске асырылуда.Сондай-ақ, жоспардағы пәтерлердің 550-і кредиттік,100-коммерциялық болмақ.
Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 311,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4 126 пәтер салу жоспарлануда.Жыл соңына дейін жалпы ауданы 191,3 мың шаршы метр болатын 2 603 пәтерлік 521 үйді пайдалануға беру көзделген.
«2021 жылы 3 700-ден астам азамат қоныс тойын тойлайды деп күтілуде. Бұл ретте, «Нұрлы Жер» арқылы 1 745 пәтер, Бақытты отбасы-519 пәтер, "7-20-25" -817 пәтер, 509-коммерциялық тұрғын үй ел игілігіне үлестірілмек. Бұдан басқа, жеке құрылыс салушылар есебінен коммерциялық тұрғын үй салуды ынталандыру мақсатында облыс әкімдігі қазіргі уақытта 34 перспективалы алапты анықтады»-деді, Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ерке-Бұлан Усманбаев.