Алматы облысында 47 мыңнан астам бала 1 сыныпқа қабылданады
- Толығырақ
- Жарияланды 01.04.2021 05:35
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 838
31.03.2021ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап білім беру ұйымдары 1 сыныпқа балаларды қабылдайды.
1 сыныпқа алты жастағы балалар қабылданатын болады. Оқушылардың ата-аналары өтініштерін сәуір және тамыз айларында бере алады. Қажетті құжаттарды egov.kz порталы арқылы және қағаз жүзінде тапсыруға рұқсат. 2020-2021 оқу жылында 1 сыныпқа 47 007 бала қабылданса, ағымдағы жылға 1 сыныпқа 47 700 баланы қабылдау жоспарланып отыр.
«IV тоқсанда Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №6 Қаулысына сәйкес санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға, 1-5 сыныптарды қоса алғанда кезекшілік сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, мектеп бітіруші 9,11 сыныптар аралас форматта (сыныпта 15 адамнан артық емес) оқыту жоспарланып отыр»,- деді Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы.
Баспасөз-мәслихаты барысында, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қаулысы негізінде Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кеген, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандары және Қапшағай қаласы аралас форматта оқитыны белгілі болды.
Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынында Алматы облысы бойынша жалпы орта білім беретін 760 мектепте 428183 оқушы білім алды. Эпидемиялық жағдайға байланысты кейбір мектептер штаттық режимде жұмыс жасаса, ал кейбірі аралас форматта білім беретін болады.