Кезекті сессия өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 26.04.2021 07:59
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 808
23.04.2021ж
Сәуірдің 21-інде жетінші шақырылған Панфилов аудандық мәслихатының кезекті төртінші сессиясы өтіп, оны сессия төрағасы, аудандық Мәслихат депутаты Ұлдана Бегімбекова ашып, жүргізіп отырды.
Сессияның күн тәртібі бойынша «Панфилов ауданы бюджетінің 2020 жылғы орындалуы жөніндегі аудандық қаржы бөлімінің жылдық есебін бекіту туралы» «Панфилов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Гауһар Мұсахметова, «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы Панфилов ауданы бойынша жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы есебі жөнінде» Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Бақытжан Мұхаметжанов, «Панфилов аудандық Мәслихатының 2021 жылғы 12 қаңтардағы №6-83-448 «Панфилов ауданының Жаркент қаласы мен ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сәуле Рамазанова, «Панфилов ауданы Ават ауылына қарасты көше атауын өзгерту туралы» Панфилов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Толқын Көшербаева хабарлама жасады. Хабарламалар бойынша аудандық мәслихат депутаттары Қ.Досмайлов, Қ.Иманханов және тағы басқалары ой-пікірлерін айтып, сұрақтар қойды.
Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессияда аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып Алмас Батырхан сайланды.
(Өз тілшіміз).