"Nur Otan" партиясы аудандық филалының кезекті XXVIII есеп беру сайлау конференциясы

28.04.2021ж

2021 жылғы 28 сәуір күні, сағат 11-00 де Панфилов аудандық филиалының мәжіліс залында zoom платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының XXVIII-ші есеп беру –сайлау Конференциясы өтті.

Белгіленген өкілеттік нормасына сәйкес «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының XXVIII -ші есеп беру –сайлау Конференциясы жұмысына жергілікті бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 78 делегат  қатысты. Конференция жұмысына сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Т.А.Өмірәлиев, «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Н.Досмаилов, аудандық маслихат депутаттары, саяси кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Дауыс беру нәтижесінде Конференция жұмысын жүргізу үшін конференцияның жұмысшы органдары: Редакциялық комиссиясы, Конференцияның хатшылығы сайланды. Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулыларды қабылдау үшін, дауыс беру ережесіне сәйкес, ашық түрде дауыс беру бекітілді. Конфенцияның күн тәртібіне орай, Конференция төрағасы Т.А.Өмірәлиев, кіріспе сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес есеп беру-сайлау конференциясында партия филиалының 2 жылда атқарған жұмыстары, Саяси кеңес мүшелерін сайлау мәселелері қарастырылды. 19-23 сәуір аралығында 19 бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілді. Конференция барысыныда аудандық партия филиалының жұмыстарын саралап, сайланбалы органдарды анықтады.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - Панфилов аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы аудан әкімі Т.Өмірәлиев баяндама жасады.

Күн тәртібінің екінші мәселесінде - Панфилов аудандық партия филиалы Саяси Кеңес мүшелерін дауыс беру арқылы сайлап, кейіннен аудандық Саяси Кеңес құрамы бекітілді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе - Алматы облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы шақырылуына байланысты аудандық филиал атынан конференцияға облыстық партия филиалының квотасы бойынша делегация құрамына 14 адам ұсынылды.

Тізім бойынша Алматы облыстық партия филиалының XXVIII-ші есеп беру-сайлау конференциясына Панфилов аудандық партия филиалынан ұсынылған 14 делегат сайланды.

Конференция соңынан Панфилов аудандық партия ұйымы Саяси кеңесінің бірінші ашық отырысы өткізілді. Онда ұйымдық мәселе қаралды. «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.4. тармағына сәйкес, Панфилов аудандық партия филиалы Саяси Кеңесі Бюросының жаңа құрамын 30%-ын әйелдер, 20%-ын жастар етіп сайлау жайлы айтылды. Кейіннен дауыс беру арқылы Панфилов аудандық партия филиалы Саяси Кеңесі Бюросы 9 адамнан тұратын құрам бірауыздан бекітілді .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4845756