Ырыс алды -ынтымақ

30.04.2021ж

Мамыр айы керемет кезең. Жер дүние жасыл желек жамылып, ағаш бүрленіп, қызғалдық түрленетін бұл сәт жан дүниеге үлкен серпіліс әкеледі. Айналаның жаңғырып, жасарған кезеңіндегі бірінші мамыр мерекесі ұлт пен ұлыстың, жақсы мен жайсаңның, хан мен қарашаның тілегін бір арнаға тоғыстырады.

«Көз көзге түссе мейір артады» деген халық даналығы бар. Алғаш көріп бір-бірімен сөйлескен жан екінші рет жүздескенде бір-біріне жылы ұшырай қарайды. Бірте-бірте бұл сыйластыққа, достыққа ұласады. Мамыр мерекесі - адамдарды осындай жақындыққа, бауырлыққа алып келетін мейрам.
Бұған табиғаттың өзі дәнекер болады.
       Бала кезімізде шерумен ауыл көшесін аралап келіп, кеңсе алдындағы мінберге жеткенде ерекше бөленуші едік. Ауыл-аймақ түгел тәуір киініп, сонда жиналатын. Бұл күні барлық адамның көңілі шат. Әсіресе, балалар үшін көңілді еді. Бұл күні қанша ойнасақ та шешемізден сөз естімейміз. Сонысымен ыстық та.
      Тәуелсіздік жылдарында аталмыш мереке Қазақстанда елімізді мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастық күні ретінде халықтық мейрамға айналды, мазмұны тереңдеп, жұрт жүрегінен жол тапты деуге әбден болады. Құдайға тәубе, қазір еліміздің ынтымағы, татулығы жарасып, лайықты өмір сүріп жатырмыз. Осы бейбіт тірлігіміз баянды болсын деп тілейік.
Бағдат Бейсенқызы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4845822