Санақты қалай өткіземіз?

13.05.2021ж

1. Халық санағы туралы түсінік. Халық санағы (бұдан әрі – санақ) – соңғы 10 жыл ішінде болған (санақ аралық кезеңде) демографиялық, экономикалық және әлеуметтік процестер туралы ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында өткізілетін ерекше жалпымемлекеттік іс-шара болып табылады және 2018 жылғы 5 қарашада бекітілген,

енгізілген өзгерістермен «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және «Ұлттық санақтарды өткізу қағидасы және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі.
Халық санағы ұлттық және өңірлік деңгейлерде, сондай-ақ әрбір елді мекен деңгейінде белгілі бір уақыт сәтіндегі жағдай бойынша респонденттер мен үй шаруашылығын сипаттайтын әлеуметтік-демографиялық, экономикалық, этно-мәдени және тұрғын үй белгілері бойынша көрсеткіштерді жинау, өңдеу, талдау және тарату процестерін қамтиды.
Санақ мақсаты демографиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейлерде статистикалық деректерге пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жиынтық және анық ақпараттың толық жинағын алу болып табылады.
2. Халық санағы қай кезге жоспарланып отыр
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайыловтың төрағалық етуімен өткізілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөніндегі арнайы комиссия отырысы болып, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарының тармақтарын мүлтіксіз орындауын тапсырды. Біздің ауданда да аудан халқының ұлттық халық санағын өткізуге, жәрдемдесуге жұмысшы тобы құрылды.
Кезекті Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын ағымдағы жылдың 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында, планшетпен үй үйді жаппай аралау және реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестегі мемлекет басшысының цифрлық технологияларды максималды қолдану тапсырмасына сәйкес және COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, онлайн режимінде 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізу жоспарланып отыр.
3. Санақтың логотипі
Өткізілетін ұлттық санаққа арнайы санақтың логотипі мен ұраны жасалып бекітілді. Логотип санақшылардың реквизиттарында, билбордтарда, баннерлерда, жарнамалық компанияларда, кеңсе тауарларында, сонымен қатар халық санағының барлық іс-шараларында қолданылады.
Санақ ұраны: ҚАЗАҚСТАНДА ӘР КІМ МАҢЫЗДЫ! В КАЗАХСТАНЕ КАЖДЫЙ ВАЖЕН !
«2021 жылғы халық санағы» логотипі шанырақ астындағы халықтар бірлігі мен отбасылық құндылықтарды бейнелейді, көтерілген қолдар «адамдар бейнесі» іс шараның ашықтығын, қауіпсіздігін және маңыздылығын білдіреді.
4. Ақпарат калай жиналады
Өткізілетін Ұлттық санақтың жаңалығы заманауи цифрлық технологиялар және процестерге автоматтандыру енгізу болып табылады. Халықтың деректерін жинау процесі енді екі жолмен жүргізілетін болады. Бірінші әдіс-sanaq.gov.kz мамандырылған веб-сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттер, қай жерде жүргеніне қарамастан, санақты өз бетінше өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік беретін интернет-сауалнама жүргізіледі. Жоғарыда аталған сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегінен қазан айының 30-не дейін тәулік бойы жұмыс істейді.
Екінші түрі ол, санақты онлайн режимде өтпеген респонденттер арасында жалпылама түрде электронды планшетпен интервьюерлер өткізеді. Бұл екі түрлі әдістер санақ қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге, ЖСН қолдана отырып алынған деректерге адам факторының әсерін барынша азайтуға, халық санағы деректерінің сенімділік деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңсе тауарларын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін, 45 күн онлайн форматта, ал 1-31 қазан аралығында планшетпен интервьюерлер аралайды. Және 31-қазаннан 7 қараша аралығында бақылау жұмыстары жүргізіледі, респонденттердің 10%-ын аралап, деректердің қамтылуы мен дәйектігін тексеру үшін.
5. Қалай кеңес алуға болады
Санақ кезінде халыққа санақ бойынша туындаған сұрақтарға «1446» байланыс орталығында ұялы және стационарлық нөмірлерінен ақысыз бірыңғай телефон арқылы онлайн-кеңес беру қарастырылған. Респондент Call-центрға белгілі бір сұрақтар бойынша хабарласқан кезде аймақтар мен бюроның орталық аппаратымен қосылуы автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Б.Қасенова,
аудандық статистика
басқарма басшысы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846495