Ел ертеңі - бүгінгі жас ұландар

14.05.2021ж

14.05.2021ж
Мамыр айының 6 жұлдызында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне орай Панфилов ауданының шекара бақылау басқармасында «Ер есімі ел есінде» атты мерекелік шара өткізілді. Аталмыш шара тіл оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өткізілді. Шараға ауданымыздағы биші-әнші қыз жігіттеріміз атсалысып, соғыс кезіндегі туған әндерді айтып, жан дүниені тебіренте отырып, өз өнерлерін ортаға салды.
Жиын барысында «Қорғас» шекара-бақылау басқарма бастығының орынбасары подполковник Бахат Шайхислямов сөз сөйлеп, барлық ұландарды мерекелерімен құттықтап, әрі Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 76 жыл толғандығын, бұл Жеңіс халқымыздың батырлығын тарихта мәңгі асқақтатын күн екендігін атап өтті. Бұл күн біз үшін бейбіт өмір мен ерлік еңбектің өшпейтін мерекесі деп, мәңгі тағзым ететінін айтты.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тыныштығымызды, бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін. Аға ұрпақтың Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз ешқашан ұмытпаймыз. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.
Сымбат Әбдіреш.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4166681