ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

20.05.2021ж

Егемендігімізді айшықтап, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдары қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданған болатын.

Бұл 1993 жылдың 14 сәуірі еді. Мұнан кейін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды - жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамырды – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялаған болатын.
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұжымдастыру ұранымен науқанға кіріскен белсенділер республикадағы 40 миллионнан астам мал басының қырылуына әкеп соқтырды. Халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болды. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына, араға жарты ғасырға жуық уақыт салып әзер жеткені – бұл зұлматтың қаншалықты қасіретті болғанын көрсетеді.
Еске алудың өзі ауыр сол бір қиын кезеңдерде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 миллионнан астам адам жіберілді. Қуғын-сүргін салдарынан 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында ұлт зиялыларының қатары басым болды.
Бұл қаралы күннің астарында үлкен қайғы-қасірет жатқаны баршамызға мәлім. Сондықтан да әрбір қазақстандық осы қайғы-қасіретті ешқашан ұмытпауы керек.
Өз тілшіміз.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846886