Зұлмат жылдардың зары ащы
- Толығырақ
- Жарияланды 27.05.2021 09:41
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 799
27.05.2021ж
Қазақстан тарихында өткен ғасырдың 20-30 жылдары «Ұлы ашаршылық» атауымен қалды. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруы адамзатқа қарсы жасалған қатыгез тәжірибе болатын.
Шенеуніктер жоспарды жедел іске асыру барысында қазақтардың малдарын 80 пайызға жойған саясаттың ақыры жаппай қуғын-сүргінге ұласты. Мал-мүлкінен айырылған 2 миллионнан астам қазақ аштықтан республикадан тысқары жерлерге босып кетті, миллионға жуығы Орталық Азияға, ал мыңдаған адамдар Қытайға қашты... 1937, 1938, 1939 қасіретке, қанға толы бұл үш жылды тарих тақтасынан ешкім де сызып тастай алмайды. Озық ойлыларды оққа байлаған, ұлт серкелерін жазықсыз жусатып салған зұлмат күндер әлі күнге әр қазақтың кеудесінен күңіренген күн сипатында тоқтаусыз төгіліп тұр.
Үш жыл дейміз-ай, ауқаттылардың тапқан таянғанын тәркілеген, шекара асқандардың тағдырын шүріппемен шешкен, Кенесарыны тірілткендерге кісен салған, қазақтың қаншама қара нарын сұраусыз сұлатқан, тіпті, соңғы көк жендеттеріне дейін Желтоқсан жастарын тықсырып, тепкіге түсірген қатал саясат қазақ жұртына қан жұтқызды.
Б.Бейсенқызы.