Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы

04.06.2021ж

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» Н.А. Назарбаев

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы»  Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған  жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімімен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін – өзі түйсінуі көрініс береді.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздердерді қастерлеуді парыз етеді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімнің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы рутайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды.

Қазақ халқында әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның Мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

2021 жылдың 28 мамыры мен 4 маусым аралығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Алматы облысы бойынша Департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында, қойылған тапсырмалар мен жоспарға сәйкес, Қазақстан рәміздер күнін мерекелеуге байланысты бір-неше іс-шаралар өткізілді:

-       Панфилов ауданы кітпаханасының меңгерушілерімен бірлесіп «Көтерілген туым бар, көтеретін ерім бар» атты тақырыптық сағат өткізілді;

-       «Ерліктің нышаны – ерліктің белгісі» атты әскери қызметкерлер арасында дөнгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді;

-       Басқарманың бөлімшелері арасында волейболдан спорттық жарыстар өткізілді. Жарыстың нәтижесінде, 1-ші орынға ие болған «Алтынкөл» (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімі, бастығының міндеттерін уақытша атқарушысы - майор Азамат Сулейманов; 2-ші орынға ие болған ШАХЫО «Қорғас» шекаралық бақылау бөлімі, бастығы – майор Жадігер Бижанов; 3-ші орынға ие болған «Нұр Жолы» (жүктік) шекаралық бақылау бөлімі, бастығы – майор Нұрман Арысбаев. Көрсетілген командалар басқарма бастығының құқығымен мадақтау қағаздармен марапатталды;

-       Басқарманың жеке құрамына «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образы» тақырыбында деректі фильм  көрсетілді;

-       «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында саптық алаңында митинг өткізілді,  ҚР Мемлекеттік гимні орындалды.

Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары! Сіздерді 2021 жылдың 4 маусымында атап өтетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күнімен, «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының басшылығы мен жеке құрамы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, молшылық пен бейбіт ғұмыр тілейміз.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «COVID-19» ауыруының тез таралуына байланысты Сіздерге амандық – саулық тілей отыра, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз!!!

Еліміз - аман, шекарамыз - берік болсын ағайын!!!

 

 

 

«Қорғас» ШББ офицері

майор Сакибаева Л.Е.

 

 

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4848071