«Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің белгісі»
- Толығырақ
- Жарияланды 04.06.2021 11:16
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 778
04.06.2021ж
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман - мақсатын, басқалармен байланыс-мұратын білдіретін белгі.
Елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнді белгілері – Ту, Елтаңба, Әнұран.
Қазақстан Республикасының №988-2007 мемлекеттік стандарты. Жалпы техникалық шарты атты құжат қабылданған болатын, бұл стандарт Мемлекеттік тудың дайындалуына, жалпы техникалық шарттарын белгілейді және мемлекеттік тудың символикасы элементтерінің бейнесі түсірілген материалдық объектіге таралады. Бұл стандарт Мемлекеттік туды дайындау және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға арналған.
Мемлекеттiк Ту оның көлемiне қарамастан мемлекеттiк стандартқа сәйкес келуге тиiс. Аталмыш стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен ауыстырылып, жойылады. Елтаңбаға қатысты да техникалық шарттары атты №989-2014 мемлекеттік стандартының жаңа редакциясы қабылдады. Мұнда, мемлекеттік Елтаңбаның түсіне қойылатын талаптары қайта қаралды. Сондай-ақ, Елтаңбаны жасау (орындау) кезінде, өлшемініне, түсіне жасаудағы кемшіліктерді ескере отырып, ауытқу шегі енгізілді.
Ал, мемлекеттік Әнұранға келер болсақ, оны толық емес, ықшам орындауға рұқсат етілген. Ал оның мәтіні мен музыкалық редакциясын өзге музыкалық шығармалардың және басқа да өнер туындыларының негізі ретінде пайдалануға тыйым салынады.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiң пайдаланылуын реттейтiн заңнама, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн орналастыру және пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында, және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады, атап айтқанда ҚР үкіметінің 873 қаулысымен бектілген ереже бойынша орналасады»,-дейді Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Марат Төлеужанов.
Қазақсан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардын бейнелерін, сондай-ақ Қазакстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Конституциялық заңның талаптарын бұза отырып пайдалану және осы мемлекеттік рәміздерді қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, жауаптылыққа әкеліп соғады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекттік Рәміздері» конституциялық заңына сәйкес, Ұлттық стандарт талаптарын орындауға әркім міндетті.