«көтерілген туым бар, көтеретін елім бар»
- Толығырақ
- Жарияланды 11.06.2021 04:37
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 882
11.06.2021ж
Еліміздің тәуелсіздігін айшықтайтын айрықша символдық белгі - біздің мемлекеттік рәміздеріміз. Рәміздер арқылы біз елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін көре аламыз. Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Осыған орай 4-маусым Рәміздер күні қарсаңында Жаркент қалалық кітапхана қызметкерлері Сәуле Құрмашқызы мен Айгүл Жетпісбаеваның ұйымдастыруымен «Көтерілген туым бар, көтеретін елім бар» тақырыбында аудандық рухани жаңғыру орталығында тарихи кеш өтті. Жиынға аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Алмаз Батырхан, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Жансая Абдрасул, Жаркент қалалық әкімшілігінің заңгері Жансая Қанатқызы, Алтыүй ауылдық мәдениет үйінің директоры, әншісі Бағлан Кудербаева, Жаркент қалалық мәдениет үйінің директоры Бақытгүл Байжұмаева, Жаркент қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Мадина Ибрагимова мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның басты мақсаты - жиналған қонақтарымызға ұлттық құндылықтарымыз туралы түсініктерін нығайтып, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсінік беру.
Аталмыш шараға байланысты «Елдігімнің - өрлігімнің белгілері» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Алтыүй мәдениет үйінің директоры, әншісі Бағлан Смайлқызы «Туған жер» әнін орындап, мерекелік кеш көркін қыздыра түсті.
Рәміздеріміз – еліміздің рухын көтеретін ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі.
Сымбат Әбдіреш.